Шет елдерде білім алудың кейбір мәселелері
Қай кезде де шетелде білім алу адамның таным көкжиегін кеңейтетіні белгілі. Оқушы білім алумен қатар сол елдің мәдениетімен етене танысып, өз туған жерімен салыстыра қарайды. Өзге елдің даму үрдісін байқайды, тәжірибе жинақтайды.
Дегенмен, шетелде білім алудың пайдалы тұстарымен қатар, қатерлі тұстары да қатар жүретіні сөзсіз. Оның ішінде деструктивті діни ағымдардың ықпалында қалу қаупінің басымдырақ екенін айтып өтті діни саладағы республикалық ақпараттық-түсіндірмелік топтың мүшесі, теолог Құрманбаев Дастан Жанасұлы аудан әкімдігінің баспасөз орталығында өткен бүгінгі брифингте.- Қазіргі жастардың шетелде білім алып, болашағына сеніммен қарап, отанына керекті маман боламын деген ұмтылыстары құптарлық іс. Оған қоса, елімізде жастардың «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасы аясында және әртүрлі гранттар мен жеке қаражат есебінен шетелде білім алуына барлық жағдай жасалған.

Бұл ретте оқушыға ата-ана көмегінің маңызы өте жоғары. Әсіресе, шетелге шығу кезінде қазақстандық жастар тап болуы ықтимал төмендегідей қауіп-қатерлерге ерекше тоқталғанды дұрыс деп есептеймін.
Біріншіден, сол білім алуға барған елде немесе оқу ордасында жат діннің ықпалына түсу қаупі.
Екіншіден, бала шетелде діни білім алатын болса, онда ата-ана баласының қандай діни мекемеде оқып жатқанын білуі міндетті.
Үшіншіден, ата-аналар мен жастар шетелдің кейбір діни ұйымдардың атауларын әртүрлі зайырлы немесе ресми атаулармен жасыратынын білулері керек.
Қазіргі таңда діни білім алуды армандаған жастарға оны отандық діни оқу орындарында алғаны маңызды. Студенттер сапалы діни білім алуда Қазақстанның да мүмкіндігі жоғары екенін білуі керек.
Бүгінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты 1 ислам университеті мен 9 медресе жұмыс істейді. Алматыда ашылған «Нұр Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университеті алғаш құрылған жылдан бастап-ақ елдің белді діни оқу ордасына айналып үлгерді.
Бүгінде аталған білім ошағы жаңа заман талабына сай жоғары білімді, әрі білікті дінтанушы, исламтанушы, араб және ағылшын тілдерінің аудармашысы мамандарын даярлаумен айналысады. Осы оқу орындарындағы барлық діни, сондай-ақ, зайырлы пәндерді оқыту бағдарламалары ҚР Білім және ғылым министрлігінің талаптарына сәйкес дайындалған.
Сонымен қатар, зайырлы білім берудің бөлігі ретінде елімізде 5 жоғары оқу орнында – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті және Қ.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «дінтану» мамандары даярланады. Аталған жоғары оқу орындарында мемлекеттің тапсырмасымен 1000-ға жуық студент – болашақ дінтанушылар мен теологтар білім алуда.
Қорыта айтқанда, шетелдердің діни оқу орындарында ҚМДБ және мемлекетаралық келісім негізінде ғана магистратура және доктарантура оқуға болады. Ал бастапқы білімді, яғни, бакалаврлық базалық білімді өз еліміздегі оқу орындарынан алу қажет. Сондықтан да болашағын дінтану мен теологиялық ілімдерді зерттеуге арнаған жастар өз Отанында да кәсіби білім алудың барлық мүмкіндігі жасалғанын ескергені абзал.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат