Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тыйымға теріс қарама

Тыйымға теріс қарама

Бүгінгі күні өңірдегі эпидемиялық ахуал күрделеніп тұр. Оның үстіне жақында Үнді елінде пайда болған «дельта»
штаммының анықталғаны тағы бар. Содан кейін облыстағы Бас санитариялық дәрігер жаңа қаулы шығарып, талаптарды қатаңдатқан болатын. Сондай-ақ, жаздық алаңдар, қоғамдық тамақтану объектілері сағат 9.00-ден 20.00-ге, асханалар түнгі 24.00-ге дейін халыққа қызмет көрсете алады. Ал Ashyq» жобасына қатысатын объектілердің жұмысына шектеу жоқ. Алайда мереке, демалыс күндері жұмыс істемейді. Мұнан өзге, сенбі және жексенбі күндері сауда үйлері, сауналар, СПА-орталықтар, бассейндер, спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары және фитнес-орталықтар, йога-орталықтар, ашық, жабық базарлар жұмыстарын тоқтатты. Бірақ бәрі емес.
Той – қазақтың қазынасы деген халықпыз. Бұған байланысты том-том салт-дәстүр, жөн-жоралғы бар. Алайда адамзаттың тағдырына қауіп төнген қазіргі сәтте билік бұған тыйым салып отыр. Өйткені көпшілік басқосуларда вирустың таралу қаупі еселене түседі. Ішкі түйсігіңіз бұған сенсін, мейлі сенбесін, той жасауға рұқсат жоқ. Әрі-беріден соң тұтас қоғамның амандығы үшін жасалып жатқан іске тым болмағанда кедергі келтірмеу баршамыздың парызымыз. Дей тұрғанмен жаңа тыйымға теріс қарап, тығылып той жасайтындар саны күн сайын көбеймесе, кеміп отырған жоқ. Осыған байланысты аудан әкімдігі жанынан үш бірдей мониторингтік топ құрылған. Олар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, сақтыққа селсоқ қарағандарды анықтап келеді.

– Жаңа қаулыдағы шектеулерді түсіндіру, ақпараттық насихат жұмыстары үздіксіз жүргізіліп келеді. Әсіресе қоғамдық тамақтану орындары мен тойханалар басты назарда. Бұл тұста заңбұзушылыққа бейжай қарамайтын аудан тұрғындары да ортақ іске атсалысып, бізге хабар беріп отырғанын айта кету керек. Десек те жасырынып үйлену тойын жасап, ас беріп жүргендер аз емес. Мейрамханалар есігін іштен құлыптап, отбасылық шаралар ұйымдастырған жағдайлар да кездесті. Оларға полиция бөлімі арқылы тиісінше ескерту, айыппұлдар салынды. Әлі де болса жергілікті кәсіпкерлер мен тұрғындарды қысылтаяң сәтте түсіністік танытып, той-жиынды кейінге қалдыруға шақырамыз, – деді рейдтік топ мүшесі Ақтілеу Бөріқұлақов.
Еске сала кетейік, бұдан былай «Ashyq» қосымшасына тіркеліп, QR код алған кәсіп нысандарының шаруасына шектеу қойылмайды. Ал «Ашықтан» қашық тамақтану орындары кешкі сағат сегізде есікке құлып салуына тура келеді.
Р.ҚАЙРАТҰЛЫ
06 шілде 2021 ж. 514 0

Үш қалада ауа ластанады

23 желтоқсан 2024 ж. 9

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031