Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Екпе салдыру – елеулі міндет

Екпе салдыру – елеулі міндет

«Дені саудың жаны сау» деп білетін қазақ халқын індеттің жайлағанына бір жылдан астам уақыт өтті. Сарапшылардың пікіріне сүйенсек, республика бойынша коронавирус жұқтырғандар саны күн санап артып келеді. Тұрғындар арасында коронавирустық инфекцияның қайта өршуін мамандар ең агрессивті және тез таралатын «дельта» штамының таралуымен байланыстырып отыр.

Өңірдегі эпидемиологиялық ахуал
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасында 2 шілдедегі жағдай бойынша Ақтөбе, Қостанай, Павлодармен бірге Қызылорда облысы да «Сары» аймаққа енді. Облыс бойынша өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 19 науқас емделіп шықты. Жалпы емделіп шыққан науқастардың саны – 6 711. Қатерлі дерттен сауығып шыққан науқастар санынан коронавирус инфекциясымен тіркелгендер саны артуда. 1 шілде күні өңірде 49 адамнан коронавирус анықталған. Оның ішінде Қызылорда қаласынан – 33, Аралдан – 9, Қазалыдан – 5, Жалағаштан – 1, Шиеліден – 1 вирус жұқтыру жағдайы тіркелген. Қазіргі сәтте науқастардың 19-ы инфекциялық стационарда, 30-ы үй жағдайында бақылануда.
Олардың 34-і симптомды, 15-і симптомсыз түрде анықталған. Яғни, симптомсыз түрі жартысын құрайды.
Өңірде індетке қарсы екпе қабылдау 1 ақпаннан басталып әлі күнге дейін жалғасын табуда. Нәтижесінде қазір вакцинаның бірінші компонентін алғандар саны 131 мыңнан асса, екінші компонентін 72 мыңнан астам адам салдырған. «Екпе қабылдаған азаматтар қатарында педагогтер, медицина қызметкерлері, құқық қорғау органы қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, студенттер бар. Оған қоса вакцина салдырғандар қатарында жұмыссыздар, зейнеткерлер мен кәсіпкерлер саны артып келеді. Өңірде созылмалы сырқаты адамдар да екпе қабылдауға ниет білдірді. Айта кетерлігі, 70-86 жас аралығындағы бірқатар егде жастағы адамдар да қатерлі індетке қарсы вакциналанды. Вакцинадан кейін тұрғындарда асқыну болған жоқ», – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Қазір облыс көлемінде 19 екпе кабинеті және 10 жылжымалы егу бригадасы белсенді жұмыс жасап жүр. Демалыс, мереке күндері де үздіксіз қызмет көрсететін вакцинация кабинеттерінен тұрғындар «Спутник V», «QazVac» және «Hayat-Vax», «Корона Вактың» бірін таңдай алады. Екпенің жеткілікті қоры барлық медицина ұйымдарында жасақталған.
– Халықтың арасындағы алып-қашпа әңгімелерді болдырмау үшін тиісті сала мамандары түсіндірме жұмыстарын әлі де күшейту қажет. Адам көп жиналатын жерлерде дыбыс күшейткіш құралы арқылы, әлеуметтік желілерде, бұқаралық ақпарат құралдарында жұқпалы індеттен зияны, одан қорғану жолдары, вакцинациялаудың маңызы жөнінде ақпараттарды көбейту қажет, – деді екпе жұмыстарына қатысты аудан әкімі Мұхтар Оразбаев.
Шектеулер ел саулығы үшін
Эпидемиологиялық ахуалға байланысты облыстың Бас санитариялық дәрігері Динара Жаңабергенова жаңа Қаулы қабылдап, онда біраз шектеулер енгізді. Қаулы бойынша екпе алмаған жұмыскерлер оффлайн режимде жұмыс істемейді. Немесе әр 7 күнде 1 рет міндетті түрде ПТР тестілеуден өтуге міндеттелмек. Шектеулердің 3 шілде күнінен бастап күшіне енетінін ескерте кетейік.
Сонымен қатар жаңа қаулы бойынша жаздық алаңдар, қоғамдық тамақтану объектілері сағат 9.00-ден 20.00-ге, асханалар түнгі 24.00-ге дейін халыққа қызмет көрсете алады. Ал «Ashyq» жобасына қатысатын объектілердің жұмысына шектеу жоқ. Мұнан өзге, сенбі және жексенбі күндері сауда үйлері, сауна, СПА-орталықтар, спорт кешендері, спорттық-сауықтыру және фитнес-орталықтар, ашық, жабық базарлар жұмыстарын тоқтатады.
– Бүгін облыс «сары» аймаққа енді. Күн сайын ауру жұқтыру қарқыны жоғарылап келеді. Эпидемиологиялық зерттеулер індетке шалдыққандардың басым көпшілігі екпе алмағандар арасынан анықталғанын дәлелдеп отыр. Ғалымдардың айтуынша, елімізде қолданылып жатқан вакциналар коронавирустың мутацияларына қарсы антиденелер тудыруға қауқарлы. Ұжымдық иммунитет неғұрлым тез қалыптасса, вирустың жаңа нұсқаларының пайда болуы да соғұрлым бәсеңдейді. Сондықтан барша қызылордалықтарды вакцина алуға шақырамын. Қазіргі таңда облыстағы екпе кабинеттерінің барлығы сағат 24.00-ге дейін ашық. Өзіңіздің денсаулығыңыз бен жақындарыңыздың өмірін қорғау үшін екпе алыңыз, сақтық шараларын жауапкершілікпен атқаруды сұраймын, – деді облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Динара Жаңабергенова.
Вирустың қайта өршуіне байланысты адамдар көп жиналатын іс-шаралар, ойын клубтары, караоке, театр, кинотеатр, филармония қызметіне, боулинг, бильярд, спорттық, банкет залдардың жұмысына тыйым салынады.
Дина БӨКЕБАЙ
03 шілде 2021 ж. 593 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031