Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тағы бір өңірде карантин күшейтілді

Тағы бір өңірде карантин күшейтілді

Санитар дәрігердің қаулысы спорттық іс-шараларды, корпоративтерді өткізуге және букмекерлік кеңселердің жұмыс істеуіне тыйым салады. Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері өңірде карантинді күшейтетін қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Санитар дәрігер облыс аумағында карантин режимін ұзарту туралы шешім қабылдады.
Өңір тұрғындарына сыртта да, үйде де іс-шаралар өткізуге тыйым салынады. Сондай-ақ қызметі қалпына келтірілмеген нысандарға (бильярд, караоке, боулинг орталықтары және тағы басқа) баруға рұқсат етілмейді.
Сонымен қатар қоғамдық орындар мен нысандарға барғанда, сондай-ақ ашық аспан астындағы нысандарды аралаған кезде маска тағу және антисептиктерді қолдану бойынша талаптарды қатаң сақтау қажеттігі ескертілді.
Респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері пайда болған кезде дереу жедел жәрдемге қоңырау шалып, ешқайда бармай-ақ үйде медициналық көмек алуға болады.
65-тен асқан адамдар елді мекендерге және қоғамдық орындарға баруды шектеу керек.
Сондай-ақ, қаулы спорттық іс-шараларды, корпоративтерді өткізуге және букмекерлік кеңселердің жұмыс істеуіне тыйым салады.
Қаулының толық мәтінін мына жерден оқи аласыз.

27 маусым 2021 ж. 541 0

Төл теңгені таңбалаған

14 қараша 2026 ж. 117

Ұлы тұлғаның ұлық тойы

14 қараша 2026 ж. 108

Қос ауылдағы қуаныш

14 қараша 2026 ж. 112

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30