Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Халықтың суға қарағанда интернетке қолжетімділігі жоғары

Халықтың суға қарағанда интернетке қолжетімділігі жоғары

Телекоммуникация саласына салынған инвестиция көлемі 62%-ға артты. Әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру - Қазақстан Республикасының ұлттық мемлекеттік саясатының бөлігі. Инфрақұрылым халықтың өмірінде іргелі рөл атқарады, дамыған мемлекет үшін маңызды шарттардың бірі тұрғын үймен қамтамасыз ету деңгейі болып табылады. Алайда Қазақстанда бұл көрсеткіш әлі тиісті деңгейге жете қойған жоқ, деп хабарлайды inbusiness.kz finprom.kz-ке сілтеме жасап.
Сонымен қатар, қала мен ауылдық жерлерде қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуде жағынан үлкен айырмашылық бар. Дегенмен халықтың 41% -ы ауылда тұрады. Мұны Ұлттық статистика бюросының елдегі үй шаруашылықтарына жүргізген сауалнамасының нәтижелері дәлелдейді. Мәселен, министрліктің мәліметтері бойынша 2020 жылы тұрғындардың 48,6% -ы ғана газбен қамтылған, оның 53% -ы қалалық, ал 40,9% -ы ауылдық жерлерде тұрады. Орталықтандырылған жылыту 50,9%-на беріледі, ал қалалық жерлерде бұл көрсеткіш 77,7%-ға жетті, ал ауылдық жерлерде - 3,3%. Елді мекендерде негізінен пеш арқылы жылытуды пайдаланады, ал пештердің 56,2%-ы қатты отынмен (көмір), ал 40,2% -ы ғана газбен жылытылады. Сумен қамтамасыз ету көрсеткіштері де төмен. Қазақстандықтардың 77,4% -ы сумен қамтылған, ал ауылдық жерлерде - 42,3% ғана. Орталық ыстық сумен жабдықтау, сондай-ақ жеке су жылытқыштарынан келетін ыстық сумен жабдықтау сәйкесінше 42% және 46,5%. Халықты таза сумен және басқа да инженерлік коммуникациялармен қамтамасыз ету, сондай-ақ желілердің едәуір тозуын азайту міндеттері коммуналдық инфрақұрылымды дамыту мен жаңартуға бағытталған бірнеше мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қолға алынған. Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға республикалық бюджеттен қомақты қаражат бөлінеді. Алайда, осы саладағы көптеген сұрақтар әлі күнге дейін шешімін таппай келеді. Бұл саладағы ең жоғары нәтиже – интернетпен қамту бағатында тіркелген. 2020 жылы ел халқының 86,9% -ы мобильді интернетке ие қосылу мүмкіндігіне ие болды. Оның ішінде 88%-ы қалалық, 84,9%-ы ауылдық жерлерде. Халықты мобильді интернетпен үш ұялы байланыс операторы қамтамасыз етеді. Бүгінде салалық құрылымдар, оның ішінде ұлттық компаниялар, ұялы байланыс операторлары және нарықтың басқа да ойыншылары ғаламдық желі саласын дамытуға белсенді инвестиция салуда. 2017 жылдан бастап ақпарат және коммуникация саласындағы инвестициялардың қарқынды өсуі байқалады. Жалпы, 2020 жылы күрделі салымдар көлемі 37,2% өсіп, 140,9 млрд теңгені құрады. Биылғы жылы да телекоммуникация саласына инвестициялар көлемі артты. Төрт айдың қорытындысы бойынша 43,4 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 62,4%-ға жоғары. Қазір Қазақстанда кең жолақты интернетке 118 қала мен 4,5 мың ауыл тұрғыны қосыла алады. Бұл елді мекендерде 18,2 млн адам немесе елдің жалпы халқының 97,2%-ы тұрады. Биылғы жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша республикада жоғары жылдамдықты кең жолақты интернетті пайдаланатын 2,7 млн абонент тіркелген. Яғни, бес жыл ішінде олардың саны 23,2% өсті. Сонымен қатар, интернетке қол жетімді ұялы байланыс абоненттерінің саны 16,1 млн-ға жетті, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 11% жоғары. Бұл ретте Қазақстандағы ауылдық елді мекендерді жоғары жылдамдықты интернетпен одан әрі қамтамасыз ету үшін екі ауқымды жоба басталғанын да айта кеткен жөн. Олардың мақсаты – ел аумағындағы көлеміне қарамастан алыс ауылдарға сапалы интернет желісін тарту. Үш жыл ішінде, 2019 жылдан бастап 2021 жылға дейін байланыс операторлары өз қаражаттары есебінен 20 мың шақырымнан астам талшықты-оптикалық байланыс желілерін салды. Нәтижесінде шалғай ауылдарда орналасқан 1,25 мың аурухана, мектеп пен мемлекеттік мекемелер жоғары жылдамдықты интернетке қосылды. Сонымен қатар, елімізде 250-ден астам тұрғыны бар ауылдарды интернетке қосуды көздейтін «250+» жобасы жүзеге асырылуда.


23 маусым 2021 ж. 434 0

Байқауда бағы жанғандар

11 желтоқсан 2024 ж. 269

Білім туралы құжаттарды тану

11 желтоқсан 2024 ж. 157

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031