Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Денсаулық сақтау министрлігі QazVac вакцинасы қашан шетелге сатылатынын айтты

Денсаулық сақтау министрлігі QazVac вакцинасы қашан шетелге сатылатынын айтты

Қазақстан QazVac вакцинасын шетелге экспорттайтын болады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

"Шынымен де, қазақстандық вакцина елімізде де, шетелде де үлкен сұранысқа ие болып отыр. Әрине, QazVac вакцинасының танымалдығын арттыру және оны өзге елдерге жеткізу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Процедура ұзаққа созылады. Елдердің вакцинаны өзара мойындауы, жеткізілетін елде тіркелуі қажет. Бұл жұмыстарды біртіндеп бастаймыз. Қазір бұл вакцинаны алуға ниет танытқан серіктестерді іздестіріп жатырмыз. Барлық реттеуші құралдар іске қосылған", – деді министр орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Алексей Цой QazVac жасап шығарушыларға қатысты айтылған сынға жауап берді

Оның атап өтуінше, Жамбыл облысындағы QazVac вакцинасын шығаратын зауыттың құрылысы аяқталуға жақын. Зауыт іске қосылғаннан кейін ішкі және сыртқы нарықты қажетті вакцинамен қамтамасыз етуге қауқарлы болады.

"Зауытты іске қосу және жөндеу жұмыстары аяқталды. Құрал-жабдықтарды тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жамбыл облысы әкімдігінің ақпаратына сәйкес, регламентке байланысты процедуралар жүргізілу үстінде. Күзге қарай бұл зауыт іске қосылып, өндірістік қуатын біртіндеп арттыруы тиіс", – деді Алексей Цой.
16 маусым 2021 ж. 428 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 72

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 67

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930