Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі Ғани Мұратбаев оқыған мектепте болды

Аудан әкімі Ғани Мұратбаев оқыған мектепте болды

Қазалы қаласындағы кітапхананың тарихы тереңнен сыр шертеді. Биыл оқырмандар үшін маңызды орынның ашылғанына 120 жыл толды. Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Қазалы қаласын аралау кезінде құнды кітаптары бар кітапханаға арнайы барып, жұмысымен танысты.

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Болат Жолтаев тарихи ғимаратта Шығыстың жалынды жетекшісі атанған Ғани Мұратбаев білім алғандығын жеткізді.
Кітапхананың «Алтын қорында» орыстың атақты академигі А.С.Берг пен белгілі саяхатшы П.П.Семенов-Тянь-Шанский қолтаңбасымен бірге өз қолымен сыйға берген 200-ге тарта құнды кітаптар сақталған. 55 мыңға жуық кітап қоры бар кітапханада 3 мыңнан астам тұрақты оқырманы бар.

Айта кетейік бүгін Шығыстың жарық жұлдызы атанған Ғани Мұратбаевтың туған күні. Ол 1902 жылы 3 маусымда Қазалы ауданының қазіргі өзінің атымен аталатын Ғани Мұратбаев ауылында дүниеге келген.



"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
03 маусым 2021 ж. 968 0

Мәдени мұра

18 сәуір 2024 ж. 86

Жанға жайлы демалыс

18 сәуір 2024 ж. 84

Қалдықсыз болашақ

18 сәуір 2024 ж. 71

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930