Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда жаңбырлатып суару әдісімен жүгері егілуде

Қазалыда жаңбырлатып суару әдісімен жүгері егілуде

Қызылорда облысында судың жыл сайын азайып келе жатқандығына байланысты егін шаруашылығын әртараптандыру қолға алынды. Осы бағытта тамшылатып суару әдісімен 3 мың гектар қызанақ, жаңбырлатқыш жабдықтарды қолдану арқылы 10 мың гектар жоңышқа және 87 гектар жүгері өсірілуде.

Жаңбырлатып жүгері өсіруді «РЗА» шаруа қожалығы бастап отыр. Ол үшін алдымен шетелдік жаңбырлатып суару жүйесін орнатты. Спринкерлік жүйе бойынша 2 метр тереңдікке дренажды құбыр жүргізілген. Ол шайылған тұзды суды егістіктен шығарады және жерасты суларының көтерілуіне кедергі болады.

«Бір сағатта 1 шаршы метрге 8 литр су кетеді. Бір жағы суды үнемдеу, тұзды жуу үшін 24 сағат суардық. Тыңайтқыш, аммофос, гербицидін, 400 тоннадай мал қиын төктік. Соқамен жыртып, тегістеп, тырмалап жүйеге келтіріп, дайындадық. Әр гектарынан 450 центнер өнім алсақ деп отырмыз. Таңертең және кешкілік суарылып, әбден бапталған мал азығы 1200 бас сиыр өсірілетін тауарлы сүт фермасына беріледі», дейді шаруа қожалығының төрғасы Жеңіс Қарабалаев.

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Сапарбек Қуатов су тапшылығына байланысты егіс көлемін қысқартып отырғандарын айтады. Аудан бойынша биыл 17685 гектарға дақыл егу жоспарланған, оның 6637 гектары күріш.

Тамыздың соңында жүгері орылып алынады. Орнына қара бидай дәні себіледі. Оның өнімі ерте көктемде жиналады. Осылайша, әртараптандыру бағыттары жүзеге асырылмақ.








02 маусым 2021 ж. 839 0

Жас өрендер жетістігі

17 наурыз 2026 ж. 56

Амал – айтулы мереке

17 наурыз 2026 ж. 43

Тәттіден қауіп келмесін

17 наурыз 2026 ж. 57

Өнегелі өмір иесі

17 наурыз 2026 ж. 56

Наурыз келді, құт келді

17 наурыз 2026 ж. 58

Маңызды ақпарат

16 наурыз 2026 ж. 116

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031