Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мектептегі камералардың 21 пайызы талапқа сай емес

Мектептегі камералардың 21 пайызы талапқа сай емес

Мектептер мен балабақшаларда орнатылған бейнебақылау жүйесінің 11,4%-ы ғана полицияның жедел басқару орталығына қосылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Үкімет отырысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері туралы баяндама жасаған Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов осындай деректер келтірді. «Бүгінде мектептер мен балабақшалар 100% бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Бірақ оның 21%-ы бекітілген талаптарға сәйкес келмейді. Біз жуықта ғана ауқымды тексеру жұргізген болатынбыз. Сол кезде осы мәселе белгілі болды. Тек қана 823 мектеп немесе 11,4%-ының бейнебақылау жүйесі полиция органдарының жедел басқару орталығына қосылған», - деді министр. Ведомство басшысы арнайы күзетпен қамтылған мектептердің саны 466 ғана екенін айтады. Бұл - елдегі орта білім нысандарының 6,4%-ы ғана деген сөз. «Барлық мектептің 14,9%-ында ғана дабыл түймесі бар. Бүкіл мектептерді жақын арада осындай құрылғымен қамту қажет», - деді Білім және ғылым министрі.


01 маусым 2021 ж. 689 0

Доллар бағамы төмендеді

15 желтоқсан 2025 ж. 165

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031