Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бақша еккен озар

Бақша еккен озар

Қожабақы ауылында соңғы жылдары бағбандық кәсіпті игергендер қатары артып келеді. Мал өсіретін тұрғындар енді бау-бақша өсіруге де ден қоя бастаған. Мұны кәсіп еткендер қазалылықтарға жыл сайын жазғы маусымның жемісін ұсынып, адал еңбектің рахатын көріп келеді.
Топырақты күтіп-баптап, несібесін қара жерден теру Оңталап Балымбетовке бала күнінен таныс тірлік. Әкесі Елтай Сахиев ауылдағы №25 орта мектепте еңбек пәнінен сабақ берген, 30 жыл ұстаз болған кісі. Агроном мамандығын бітірмесе де, азық-түлік дақылдарын өнімді өсіруді игеріп, өз балаларын өмірге баулыған азамат «әкенің баласына қалдыратын ең қымбат сыйы – тәрбие» екеніне дәлел.
Ел нарыққа көшкенде осы бақша егу негізгі күнкөріс көзіне айналды. Бағбан 2008 жылдан бері тынымсыз еңбек етіп келеді.
– Биыл ауылдың сыртындағы жерге 2 гектар бау-бақшаны күтіп-баптадық. Олардың қатарында қауынның бірнеше түрі, қарбыз бен күнделікті қолданысқа қажетті картоп, жуа, қызылша бар. Ауылдағы еңбексүйер жігіттермен бірігіп, жыл сайын жақсы өнім жинаймыз. Елден асып миллионер болмасақ та, несібеміз жаман емес, – дейді Оңталап Елтайұлы.
Судың жетіспеушілігі бәріне мәлім мәселе. Күндіз-түні тегіс суарылуын күзетіп, аптап ыстықтың азабын көріп жүрген бағбандардың бұл еңбегі ерекше құнды. Ал маңдай тері сорғалап, еңбек етуге талпынған адамды Жер-Ана да құралақан қалдырмайтынына тағы бір көз жеткіздік.

Дина БӨКЕБАЙ
22 мамыр 2021 ж. 1 076 0

Менің әжем

21 мамыр 2025 ж. 578

Ешқашан өшпейтін шежіре

21 мамыр 2025 ж. 1 023

Бала көңілдің бағбаны

21 мамыр 2025 ж. 112

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031