Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін үш қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін

Бүгін үш қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – желсіздік, баяу жел, тұман және температуралық инверсия сияқты қысқа мерзімді табиғи факторлардың үйлесуі.
Фото: pixabay.com
23 қарашада Қазақстанның үш қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасуы мүмкін. Мұндай кезде атмосферада зиянды заттардың шоғырлану қаупі артады, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамынша, қолайсыз метеорологиялық жағдай Алматы мен Жезқазғанда, ал Атырауда түнгі уақытта күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай – желсіздік, баяу жел, тұман және температуралық инверсия сияқты қысқа мерзімді табиғи факторлардың үйлесуі. Мұндай құбылыстар зиянды заттардың атмосфераның жерге жақын қабатында жиналуына ықпал етеді.
Осының салдарынан елді мекендерде ауа сапасы төмендеп, адам денсаулығына кері әсер етуі мүмкін. Ауадағы ластаушы заттардың мөлшеріне желдің бағыты мен жылдамдығы, жауын-шашын, ылғалдылық және ауа температурасы да әсер етеді.
Мамандар қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде тұрғындарға бірқатар сақтық шараларын ұсынады:
Ашық ауада, әсіресе көлік көп жүретін жолдар мен ластану көздерінің маңында ұзақ уақыт болмауға тырысу қажет. Балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуендеуден бас тартқан жөн.
Өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық дерттері бар адамдар сыртқа шыққанда қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүруі керек.
Таза ауадағы дене белсенділігін шектеп, спортпен жабық спорт кешендерінде айналысқан дұрыс.
23 қараша 2026 ж. 18 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30