Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көгершіндер көрмесі

Көгершіндер көрмесі

Аудан орталығында құсбегілердің ұйымдастыруымен «Көгершіндер көрмесі» өтті. Әуесқой көгершін өсірушілер көрмесіне елдің әр түкпірінен келген құстар жұртшылықтың назарына ұсынылды. Сирек кездесетін құстардың тұқымдарын селекцияландыру жайы да қаралып, құсбегілер өз тәжірибесімен бөлісті.
Көрме барысында көрсетілген ерекше құстар мен олардың тәрбиесіне қатысты тың мәліметтер көрермендердің қызығушылығын оятып, жастардың табиғатқа жанашырлықпен қарауына ықпал етті. Байқағанымыз, аталған құстарды өсіріп-баптау оңай жұмыс емес. Құсбегілердің айтуынша, елде көк кептер, құз кептер, дыркептер, қоңыр кептер, түркептер, үлкен түркептер деген түрлерін кездестіруге болады екен. Көбінің қауырсыны құлпырып тұратын алуан түсті келеді. Үнемі топтанып, жұбын жазбай жүретін қасиеті де бар. Кептерлердің француз мондэні, архангель кептері, павлин кептері, ағылшын кептері аталатындары бар. Жыл сайын көгершін көрмесі ұйымдастырылып тұрады.
Жалаңтөс баһадүр атындағы стадионда өткен ерекше шараға аудан әкімі Алмасбек Есмаханов арнайы барып, құс баптаушы жастармен ардагер құсбегілермен кездесті. Аудан әкімі көгершіндер көрмесінің жоғары деңгейде ұйымдастырылуына атсалысып, ауданның рухани-мәдени өміріне серпін беретін игі бастамаларының әрі қарай жалғасын таба беруіне тілектестігін білдірді.
Жалпы біз көгершінді бейбітшіліктің, татулық пен бірліктің символы ретінде білеміз. Ал әлемді аралап хат таситын дәнекер құс ретінде қабылдайтынымыз, тәжірибемізде болмаса да ертегі, фильмдерден көрдік. Бір қызығы, ерекше навигациялық қасиетке ие асыранды көгершінді қазіргі таңда хат тасуға үйретуге болады екен.
Айнұр ӘЛИ
18 қараша 2025 ж. 28 0

Қараша – қыстың есігі

18 қараша 2025 ж. 31

Гүл өсіру де өнер

18 қараша 2025 ж. 29

Көгершіндер көрмесі

18 қараша 2025 ж. 29

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930