Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еңбек ардагері ардақталды

Еңбек ардагері ардақталды

Аудан өмірінде елге еңбегі сіңген тұлғаларды қадірлеу – ұрпақ сабақтастығын нығайтатын маңызды құндылықтардың бірі.Осы орайда аудан әкімі Алмасбек Есмаханов өнегелі ғұмырын ауыл шаруашылығының дамуына арнап, ел игілігі жолында адал қызмет еткен еңбек және тыл ардагері, ардақты ақсақал Ертас Сәдуақасовты арнайы қабылдады.
Кездесу барысында аудан басшысы қарияның ел дамуына қосқан елеулі үлесін ерекше атап өтіп, оған көрсеткен табанды еңбегі мен азаматтық ұстанымы үшін шынайы алғысын жеткізді. Сондай-ақ қарт буынның өмірлік тәжірибесінің қоғам үшін әрдайым маңызды екенін, олардың парасаты мен ақыл-кеңесі жастарға бағдар болатынын айтып, Ертас Сәдуақасовқа шын жүректен алғыс білдіріп, саулық пен ұзақ ғұмыр тіледі.
Өз кезегінде Ертас ақсақал да әкімнің қабылдауына ризашылығын білдіріп, ауданның әлеуметтік-экономикалық тұрғыда өркендей беруіне тілектестік білдірді. Ел игілігіне бағытталған бастамалардың сәтті жүзеге асуына батасын беріп, өңірдің алдағы уақытта да биіктерді бағындыра беруін тіледі.
1938 жылы Қазалы жерінде дүниеге келген Ертас Сәдуақасов – өңірдің ауыл шаруашылығы саласының қалыптасуына өзіндік үлес қосқан еңбек адамы. Ол жастайынан тіршілік тынысы таңмен таласа басталатын ауыл өміріне араласып, әсіресе Бозкөл колхозында қой шаруашылықтарына жем-шөп тасу жұмыстарын абыроймен атқарған. Тынымсыз еңбегі мен жауапкершілігі қиын кезеңдерде шаруашылықтың ілгерілеуіне сеп болып, ауыл экономикасының дамуына серпін берген.
А. ЖҮСІПОВА
18 қараша 2025 ж. 29 0

Қараша – қыстың есігі

18 қараша 2025 ж. 31

Гүл өсіру де өнер

18 қараша 2025 ж. 29

Көгершіндер көрмесі

18 қараша 2025 ж. 28

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930