Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Кәсіби құзыреттілік – еңбек қатынасының эволюциясы" атты республикалық форум өткізілді

"Кәсіби құзыреттілік – еңбек қатынасының эволюциясы" атты республикалық форум өткізілді

Еңбек пен білімнің киелі ордасы — Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің 95 жылдық мерейтойына орай, салтанатты республикалық форум жоғары деңгейде өткізілді.
Мерейтой аясындағы форумға еліміздің түкпір-түкпірінен келген техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары мен сала мамандары қатысты. Форумда Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Дәурен Оңғарбайұлы құттықтау сөз сөйлеп, колледждің ел экономикасына қосқан өлшеусіз үлесі мен білім саласындағы жетістіктерін атап өтті. Сондай-ақ, білім саласында үздік қызмет етіп жүрген бірқатар колледж қызметкерлерін аудан әкімінің Алғыс хатымен марапаттап, сәттілік тіледі.
Мерекелік шара барысында Әйтеке би кентінің талантты өнерпаздары — Р. Мақсатбаев, К. Кубекова, Ә. Айдаров өз өнерлерін ортаға салып, форумға жиналған қонақтардың көңілін көтерді. Форумды— Бақытбек Макеев, Мөлдір Өтепбергенқызы жүргізді.
Сонымен қатар, колледж оқытушылары мен студенттері «Еңбекпен ел болған халық» атты қойылым ұсынып, жұмысшы мамандықтарының кешегісі мен бүгінін сахна арқылы шебер жеткізді. Салтанатты форум колледждің рухын асқақтатар Гимнмен қорытындыланды. Бұл — тарихы терең, болашағы нық білім ордасының жаңа белеске қадам басқан мерейлі сәті болды.
17 қараша 2025 ж. 20 0

Қараша – қыстың есігі

18 қараша 2025 ж. 44

Гүл өсіру де өнер

18 қараша 2025 ж. 39

Көгершіндер көрмесі

18 қараша 2025 ж. 41

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930