Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық вакцинаның қашан шығатыны белгілі болды

Қазақстандық вакцинаның қашан шығатыны белгілі болды

Маусымнан бастап ай сайын 500 мың доза қазақстандық вакцина шығарыла бастайды. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды egemen.kz
 Ералы Тоғжановтың айтуынша, 25-27 сәуір күндері қазақстандық алғашқы вакцина негізгі хабтарға жеткізіледі. Олар Ақтөбе, Алматы, Шымкент және Нұр-Сұлтан қалаларында орналасқан.
«Мамыр айында тағы 50 мың доза шығарылады. Одан кейін оның көлемі 100 мыңға жеткізіледі. Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты вакцинаны өте көп мөлшерде шығаруға қауқарсыз. Олар 500 мың доза мөлшерінде шығара алмайды. Сондықтан өндіріс үшін қосымша алаң дайындап қойдық. Бірақ аталған институттың базасында вакцинаны дайындауға, өндіруге қажетті субстанция дайындалады. Субстанциядан бал-өнім әзірленеді. Ал бал-өнім негізінде вакцинаны одан ары құю жүргізіледі. Сондықтан маусым айынан бастап үлкен өндіріске, айына 500 мың дозаға шығарылатын болады», деді Премьер-Министрдің орынбасары.




09 сәуір 2021 ж. 2 588 0

Ұжыммен – мұражайға

14 сәуір 2026 ж. 8

Сазгерін жырға қосты

14 сәуір 2026 ж. 14

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930