Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның 15 қаласында пәтер қымбаттады

Қазақстанның 15 қаласында пәтер қымбаттады

Қаңтар айында Қазақстанның 15 қаласында пәтер қымбаттаған. Орташа есеппен 1,7 пайызға өскен, - деп хабарлайды Krisha.kz.
Сарапшылардың мәліметінше, қаңтарда орташа есеппен пәтердің шаршы метрі 214 875 теңгеге жеткен. Бұл желтоқсандағы көрсеткішпен салыстырғанда 4 пайызға көп екен.
"Өскеменде  пәтер бағасы 3,8 пайызға өсіп, шаршы метрі 225 375 теңгеге жеткен. Семейде де пәтер 3,2 пайызға қымбаттап, шаршы метрінің бағасы 190 178 теңге болды. Ал Алматыда пәтер 2,8 пайызға қымбаттап, шаршы метрі 420 750 теңгеге жеткен", - делінген сарапшылардың зерттеуінде.
Сондай-ақ, мамандардың айтуынша, Қарағанды да пәтердің шаршы метрі 231 150 теңгеге жетсе, Шымкентте шаршы метр 249 050 теңге болған.
"Оралда да пәтер қымбаттаған. Мұнда пәтердің шаршы метрі орташа есеппен 204 525 теңге. Петропавлда да бұл көрсеткіш өскен - 232 175 теңге болған. Павлодар мен Көкшетауда 1,5 пайызға өсіп, шаршы метрі 263 375 теңгеге жеткен", - дейді сарапшылар.
02 ақпан 2020 ж. 855 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 114

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930