Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазнетте таралып жатқан алып жыланның суреті қайда түсірілгені анықталды

Қазнетте таралып жатқан алып жыланның суреті қайда түсірілгені анықталды

Он шақты адам көтеріп тұрған алып жыланның суреті бірнеше күннен бері әлеуметтік желіні дүрліктіріп жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.  Әлеуметтік желілердегі топтарда жыланның Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданында, Қапшағайда және Алматы облысы Ұйғыр ауданы Сүмбе ауылында табылды деген ақпарлар таралып жатыр.

Сонымен қатар, бұл жыланды Алматы облысы Нарынқол ауылы мен Шонжы ауылында табылды дегендер бар.  Алайда жылан қолдан жасалған болып шықты және ол Қырғызстанның Талас ауданындағы 28 жастағы ағаш ұстасының туындысы екен. Жергілікті alakan.biz сайтының жазуынша, Өскөн уулу Токтобек атты ер адам Кара-Кол ауылында тұрады. 6,5 метрлік жыланды жасауға оның бір ай уақыты кетіпті. 

"Өзгеше дүние жасағым келіп, тоғайдан жыланға ұқсас талды үйге алып келдім, Ұзындығы 6,5 метр. Пышақпен ойып, боядым. Бір ай уақыт кетті. Бірінші туындым, сондықтан сатпаймын. Ауылдағы музейге қоямын деген ниеттемін", - дейді шебердің өзі.  Басылымның жазуынша, шебер тағы да бір жыланның мүсінін жасамақ екен.

02 наурыз 2018 ж. 3 914 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 160

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 124

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 110

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 117

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 110

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031