Жаңашыл заңнама
Қазақстан Республикасының жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 2020 жылы 29 маусымда қабылданып, ағымдағы жылдың 1 шілдесінен қолданысқа енеді.
Қабылданған жаңа Кодекс - билік органдарымен дауларды қарау кезінде азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтіп қана қоймай, сонымен бірге, мемлекеттік деңгейде басқару шешімдерін қабылдау процесіне азаматтардың қатысу белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Жалпы әкімшілік әділет ұғымы сот орындары тарапынан әкімшілік органдар шешімдерінің заңдылығы туралы дауларды реттеу, жекелеген азаматтар мен әлеуметтік топтардың құқықтарын қорғау, судьялардың әкімшілік билік органдары шешімдерін талдау және жарамсыз деп тану, сот бұйрығын шығару арқылы атқарушы билік органдарының қызметіне бақылау жасау мүмкіндігін білдіреді. Оның тетіктері шешімдерді орындату, қажет болған кезде мәжбүрлеп орындату міндеттілігімен, жекелеген құқықтарды емес барлық құқықтарды қорғайтын кешенділік сипатымен, саясатқа емес, заңға негізделуімен ерекшеленеді.

Әкімшілік шаралар үш негізгі мақсатты көздейді. Олар: әкімшілік шешімдерді қабылдауда заңдылық пен ашықтық қағидаттарын практикалық түрде қолдану арқылы жекелеген азаматтардың, қоғамның құқықтарын қамтамасыз ету, күрделі инвестиция мен экономиканың дамуына жағдай жасау. Әкімшілік шаралары жарыспалылық және бейтараптық, істі тыңдау және ашықтық, себептерді баяндау, сәйкестілік пен негізділікті сақтау, асырасілтеушілікке, билікті пайдалануға жол бермеу, кеңес беру және әріптестік, әкімшілік органдар тарапынан өздерін бақылау, процессуалдық үнем қағидаттары бойынша жүзеге асырылады. Әкімшілік әділеттің басты талаптары сот бақылауына қолжетімділік, тәуелсіз және бейтарап сот төрелігі органы, әділ тыңдауға және сот талқылауына құқық, сот бақылауының тиімділігі болып табылады.
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексте судьялардың істі шешу барысындағы белсенді ролі өз дәйегін тауып отыр. Айталық, олар тараптар ұсынған айғақтар жеткіліксіз болса, өз бастамасымен оларды толықтыруды талап етуге, тараптарды мәмілеге келтіруге құқылы болады. Сонымен қатар, талап арыздарда жіберілген қателерді жоюға жәрдемдесіп, азаматтардың түсініксіз талаптарын айқындап, түсіндіре алады. Осылайша судья азаматтың мемлекеттік билік аппаратына қарсы тұруына белсенді түрде көмектеседі.
Кодекс жобасында, сонымен қатар, талап арыздардың заңсыз әкімшілік актісінің күшін жою немесе әкімшілік актісінің күші жойылған деп хабарлау, әкімшілік актісін қабылдау, әрекетті жүзеге асыру, құқықтық қатынастар туралы түрлері айқындалды.
Кодексте сонымен қатар бітімге келтіру шараларын белсенді түрде қолдану да ұсынылды. Мәмілеге келтіру шарты ерікті түрде жүзеге асырылып, бұл өз кезегінде сот шығынын азайтып, ал қарым-қатынастарды
тартыстық сипаттан арылтады деген үміт бар. Әлемдік тәжірибе бұл институттың да тиімділігін көрсетіп отыр. Әкімшілік сот өзінің шығарған сот шешімдерінің орындалуын бақылап, соған әйкес шара қолданатын құзыретке де ие болмақ. Мәселен, сот кез келген шенеунікке орындалмаған шешім үшін жедел түрде бірнеше рет әкімшілік жаза болып саналмайтын айыппұл сала алады.
Бұл заң аясында судьяға жаңа өкілеттіктер мен құқықтар беріліп отыр. Яғни, судья әкімшілік істің нақты және заңды тұстарына жататын құқықтық негіздемелер бойынша өзінің алдын ала құқықтық пікірін айтуға құқылы. Бұрынғы заң бойынша судьяға ондай құқық берілмейтін. Судья іске байланысты өз пікірін айтуға тиіс емес болатын. Сонымен қатар, сот өз бастамасы немесе әкімшілік процеске қатысушылардың уәжді өтінішхаты бойынша қосымша материалдар мен дәлелдемелерді жинай алады. Сондай-ақ әкімшілік сот ісін жүргізу міндеттерін шешуге бағытталған өзге де әрекеттерді жүзеге асырады.
Д.АБДЫҚАЛЫҚОВ,
Қазалы аудандық сотының судьясы
Қазалы аудандық сотының судьясы