Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шашты әр жерге тастауға болмайды

Шашты әр жерге тастауға болмайды

Шерхан Мұртазаның “Ай мен Айшасын” оқысаңыз, шашты кез келген жерге тастауға болмайтындығын түсінесіз.
– Әйел баласы шашын беталды тастамас болар, – деді Айша. – Тарақтан түскен шаш әлдеқалай отқа күйсе, нәресте шағында көз жұмған баласы болса о дүниеде анасының отқа күйген иісін танып қояды екен де: «Анамыз тозақ отына түсіп кетті-ау» – деп шыр айналып шырылдайды екен. Тозақ отынан анасын құтқарып алмақ боп, өздері де сол тамұқ өртіне түсіп кете жаздайды екен.
Тағы бір діни жазбада жайылған шаш маңында періште жүрмейді деседі. Қазір батыстың сәндік үрдісіне еліктеген жастар шашын жайып жүруді әдетке айналдырды. Оны әдемі санайды. Дегенмен қазақы түсінікте әйел заты шашын бос қоймаған. Себебі жаман ырымға баланады. Бұл тұрғыда кейбір жастардың ойы әртүрлі.
– Шашымды жайып жүрген емеспін, әке-шешем рұқсат етпейді. Рұқсат етсе де жараспайды. Жарасса да қоғамдық көлікте біреулердің түймесіне шатасып, күлкіге қалдырады, – дейді Айжарық Жүсіпова.
Ал Ақжарқын Алтынбекова қазір ескіні ескермейтін уақыт, сондықтан әдемі шашты неге жайып жүрмеске деген пікірін білдірді. Себебі өзіне ұнаған сәнді қолдануға ешкім тыйым салуға қақысы жоқ екен.
«Баяғыда Аллаһ елшісі өзінің Пайғамбар болатынын білмегенінде, соңынан үнемі ақ елес еріп жүретін көрінеді. Ол одан қорқып, бұл қандай құбылыс екенін түсінбепті. Содан өзін мазалаған жайт жайында әйеліне айтқанда:
– Ол тағы келсе, мені шақыра ғой. Сол кезде шашымды жайып жіберейін. Егер қашып кетсе – періште, қашпаса – шайтан болғаны, – депті. Содан ертесіне дәл солай жасағанында әлгі ақ елес қашып кеткен екен. Осыдан соң, шашты көрсетпей, орамал тағып жүру керек, – дегенді дінтанушылар жиі айтады.
Шыныменде, бұрын қалың бұрымды тарқатып жүрсең «албастыдай болмай» деген жағымсыз теңеу айтылып «Шашыңды жина!» деп үлкендер жекіп тастайтын-ды. Шашты қандай жағдайда жаю қажеттігін бәрі біледі. Дей тұрғанмен оны ешкім байыбына барып, елемейді. Мұның барлығын заман ағымына аудара салатыны қынжылтады.
Сонымен қатар егде тартқан әйел бала емізгенде жалаң бас отырмауы керектігін де ара-тұра айтады. Қазақ ырымында шайтан әйелдің шаштағы кірін бала қоректенетін сүтке араластырып жібереді-мыс. Осыдан баланың жаны кірленіп, бойына жамандық ұялайды. Есейгенде мәңгүрт, безбен, тілазар болады деп сенеді. Сондықтан үлкендер келіннің бала емізгенде де шашын жауып отыруына аса қатты мән берген.
Нұрбол Мұратбекұлы қазақ бұрымды киелі санап қана қоймай, оны ардың белгісі санаған деген ойын білдіреді.
– Тәуке ханның “Жеті жарғы” заңнамасының үшінші тағаны “Кек пен жаза” деп аталады. Мұндағы түрлі қылмысқа қатысты жазалардың ішіндегі ең ауыры – өлім жазасы. Содан кейінгі ауыр жазалардың бірі – әйелдің бұрымын кесу. Нәпсісін тыя алмаған еркектің атының құйрығын кесіп, ардан аттаған қыздың немесе күйеуінің көзіне шөп салған әйелдің бұрымын кескен.
Қазақстандағы қола дәуірі ескерткіштерін зерттеу тарихында патшалық Ресей, Кеңес үкіметі тұсындағы және Тәуелсіздік жылдарындағы жүргізілген нәтиже бойынша жерлеу орындарынан алқа, моншақ, шашбау, шолпы және тағы басқа да сәндік бұйымдардың табылғаны дәлелдеп келеді, – дейді әдебиет порталына берген мақаласында.
Оның мәлімдеуінше, шаштың беріктігін алюминиймен салыстыруға болады. Бір шаштың өзі 100-ден 200 граммға дейінгі салмақтағы затты ұстап тұруға шамасы келеді. Сондықтан мамандар әйелдің бұрымы 20 тонна салмақтағы затты көтеріп тұра алатындығын айтқан. Бұған дәлел, қола дәуірі ескерткіштерінен табылған шолпының салмағы 6 килограмм деседі. Бұрынғылардың жазбасы бойынша үйде отырған үлкендер келе жатқан қызды шолпысының сылдырынан білген. Мұндайда әңгіменің денін өзгертіп, оғаш әрекеттері мен артық әзілдерін қыз-қырқынға естіртпей, дұрыс үлгі болуға тырысқан.
Ал бұрымға тағылған күміс теңгелер белге түсіп, әйел затының өмірге сау ұрпақ әкелу үшін аса пайдалы екені дәлелденген. Сондықтан, ғылымды ерте білген әжелер бар күмісінен түйме таққан. Бойжете бастаған қызының шашын өріп, күміс моншақ тағатыны содан болар. Соңғы жылдары ғалымдар «Шаш – адам мен кеңістік арасын тұтастыратын байланыс құралы екенін, әйелдердің шашы инь қуатына бағынатынын, бұл қуат қыз-келіншектердің бойына жұмсақтық, мейірімділік, байыптылық, кішіпейілділік қасиетін дарытады» деп әлем халқы таңдауда. Ғылым ашпай-ақ киіз үйде отырған қарапайым қазақтың: «Жалаңбас жүрме, қараңғыда далаға бас киімсіз шықпа, жаман болады», – деуі қайран қалдырады.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
13 наурыз 2021 ж. 4 418 0

Табиғаттың тілі жоқ

05 мамыр 2024 ж. 26

Шаттық ұялаған шаңырақ

04 мамыр 2024 ж. 82

Сақтық – саулық кепілі

04 мамыр 2024 ж. 92

Маңызды мәжіліс

04 мамыр 2024 ж. 61

Ынтымағы жарасқан

03 мамыр 2024 ж. 96

Қазақ тілі трендте

03 мамыр 2024 ж. 104

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031