Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Су тасқыны: Қазақстан жолдары тәулік бойы бақылауға алынды

Су тасқыны: Қазақстан жолдары тәулік бойы бақылауға алынды

Су тасқынының алдын алу үшін республикалық маңызы бар тасжолдарда тәулік бойы патрульдеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «ҚазАвтоЖолға» сілтеме жасап.
28 ақпанда жауын-шашын мен қар суына байланысты Алматы мен Жамбыл облыстарындағы республикалық тасжолдарда тасыған су деңгейінің көтерілгені байқалған. Қазіргі таңда су деңгейі төмендеген. Бұл жағдай автокөліктердің қозғалысына кедергі келтірмеген, деп атап өтті аталған ұйымның баспасөз қызметі.
Айталық, Алматы облысында 24 ақпаннан бастап тасжол арқылы судың тасығаны 5 рет және республикалық тасжолдарда, атап айтқанда Еңбекшіқазақ, Талғар, Қарасай және Жамбыл аудандарында еріген қар суының автожол бойында жиналуы 6 рет тіркелген.
Жол жөндеушілердің көмегімен бұл мәселелер өз шешімін тапқан.
Жамбыл облысында Тұрар Рысқұлов ауданында Алматы-Ташкент-Термез тасжолында, Ақыртөбе елді мекеніне жақын жерде жолдың бойында тасыған судың жиналуы байқалған. «Қазақавтожол» ЖШС-ның Жамбыл облысындағы бөлімшесі шұғыл түрде су тасқынына қарсы жұмыстарды жүргізген.
Су тасқыны байқалған тасжолдардың учаскелерінде ешқандай бұзушылық тіркелмеген, жол қызметкерлері тәулік бойы кезекшілікте. 
01 наурыз 2018 ж. 1 419 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 137

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 129

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 118

Жұмысшы жастар – ел ертеңі

20 желтоқсан 2025 ж. 115

Шырша шамы, жарқыра!

20 желтоқсан 2025 ж. 122

Тәрбие мен таным

20 желтоқсан 2025 ж. 112

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031