Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстаннан көшетін халықтың саны азайды

Қазақстаннан көшетін халықтың саны азайды

Бұған Қазақстанның Ұлттық статистика бюросының (ҚР ҰСБ) деректері дәлел бола алады.

Бұл ретте келгендер мен кеткендер арасындағы айырмашылық минус 17,6 мыңды құрады, соңғы бірнеше жылда алғаш рет елден көшкендер саны 35,6%-ға азайды.
ҰСБ мәліметінше, Қазақстанның көші-қон сальдосы 10 жылдан астам уақыттен бері теріс мәнге ие.
2013 жылдан бастап бұл көрсеткіш жыл сайын артып келеді.
2020 жылдың қорытындысы бойынша көші-қон ағыны минус 33 мың адамнан минус 17,6 мың адамға дейін немесе 46,6%-ға қысқарды.
Айта кетейік, келгендердің саны да 6,6%-ға азайды. Бұл COVID-19 пандемиясымен байланысты болуы мүмкін.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, былтыр қазақстандықтардың көпшілігі Ресейге – 25 139 адам (2019 жылмен салыстырғанда - 36,8%), Германияға – 2250 (-19,8%), АҚШ-қа – 247 (-9,5%), Беларуське – 234 (-34,3%), Өзбекстанға – 199 (-54,3%), Канадаға – 111 (+35,4%), Қырғызстанға – 85 (-52%), Украинаға – 71 (-12,3%), Израильге – 61 (-59,3%), Түркияға – 54 (-33,3%) және Әзірбайжанға - 32 (-17,9%) қоныс аударған.
Ал Қазақстанға Ресейден – 3614 (+6,6%), Өзбекстаннан – 2595 (-37,6%), Қытайдан – 1560 (+4,7%), Түркіменстаннан – 1192 (+36,4%), Қырғызстаннан – 465 (+23,7%), Түркиядан – 312 (2,3 есе өсті), Әзірбайжаннан – 176 (-11,6%), Германиядан – 175 (-24,6%), Тәжікстаннан – 158 ((-8,7%), Моңғолиядан – 147 (-46,4%), Ираннан – 106 (-17,2%), Грузиядан – 99 (2,3 есе өсті), АҚШ-тан – 73 (-12%), Украинадан – 70 (-31,4%), Беларусьтен – 42 (-44%), Армениядан – 23 (-32,4%) және т. б көшіп келген.
Өңірлік бөліністе елден кеткендер саны бойынша Қарағанды облысы көшбасшы болды (4,1 мың адам). Екінші орында – Шығыс Қазақстан облысы - 3,8 мың адам, үшінші орында - Қостанай облысы – 3,3 мың адам.


04 наурыз 2021 ж. 2 544 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 48

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930