Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада биыл 4 ірі жоба іске қосылады

Қызылордада биыл 4 ірі жоба іске қосылады

Қызылорда облысында ірі өндіріс орындары саналатын фабрика мен зауыттар биыл пайдаланылуға беріледі. Құны 48,5 млрд теңгені құрайтын 4 жобаны іске қосу жоспарланған.
Атап айтар болсақ, Қызылорда қаласындағы шыны зауыты, Қармақшы ауданындағы құс өндіру фабрикасы, Арал ауданында тұз өндіру және түйе сүтінен құрғақ ұнтақ шығару зауыттары. Бүгінде Арал ауданындағы екі жобаның құрылыс жұмыстары 70-80 пайызға аяқталған. Қос жобаның жалпы құны 4,4 млрд теңгені құрайды.
Облыста биыл 3 бірдей зауыт салу жұмыстары басталады. Яғни «Шалқия» полиметалл кен байыту фабрикасы, калцийленген сода зауыты мен шағын арматура зауыты салынады. Сондай-ақ, құрылысы өткен жылы бастау алған ет комбинатының салу жобасы жалғасын табады.
Айту керек, Қызылорда өңірінде индустрияландыру бағдарламасының үшінші бесжылдығы аясында бәсекеге қабілетті, экспортқа бағытталған 37 жоба жүзеге асырылады. Нәтижесінде 7 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылады.
27 қаңтар 2021 ж. 2 849 0

Ісін сүйген, ұтылмайды

05 сәуір 2025 ж. 217

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930