Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның 8 аймағында ескерту жарияланды

Қазақстанның 8 аймағында ескерту жарияланды

Қазақстанның 8 аймағында ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидромет мәліметтеріне сілтеме жасап.
Синоптиктер мәліметінше, 28 желтоқсанда Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Түркістан облысы мен Шымкентте де кей жерлерде тұман болады деп болжанды. 
Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде түнде қар жауады. Кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде кей жерлерінде күші секундына 15-20 метр болады.
Ақмола облысының басым бөлігінде күндіз қар жауады. Кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20, күндіз екпіні секундына 23 метр болады.
Қостанай облысының басым бөлігінде қар жауады. Кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, түнде кей жерлерінде екпіні секундына 15 метр болады.
Нұр-Сұлтанда күндіз жаяу бұрқасын күтіледі, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр болады.
Күндіз 28 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Кей жерлерде тұман, бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20, секундына 23 метрге жетеді.
27 желтоқсан 2020 ж. 2 408 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031