Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ҰБТ нәтижесі бойынша бесінші орында

ҰБТ нәтижесі бойынша бесінші орында

Қызылордада оқушыларды ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындауда жаңа технологиялар кеңінен пайдаланылмақ. Бұл ретте TED-X форматын қолдану көзделген. Осы мақсатта аймақтағы үздік мектептер өз тәжірибелерімен бөлісіп жатыр.  Бүгінде олардың арасында білім берудің тың әдістерін сәтті жүзеге асырып отырғандары бар. Мәселен, Қызылордадағы дарынды балаларға арналған «Мұрагер» мектебі еліміздегі ең үздік 100 мектептің қатарына енді. Бұл оқу орны соңғы 3 жылда Елбасы Жолдауынан туындаған міндеттер аясында білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен.  Айта кетейік, бүгінде өңір мектептерінің 70 пайыздан астамы кең жолақты интернетке қосылды. Ал ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша Қызылорда облысы ел өңірлері арасында 5 орынға көтерілді,-деп хабарлайды "Хабар 24kz" сайты.
 Ғани Сардарбеков, қалалық білім бөлімінің бас маманы:
- Жылда осы ҰБТ қорытындысымен жоғары нәтиже көрсетіп жүрген мектептердің базасында ұйымдастырылып келеді. Және осы мектептерде нәтиже жоғары деңгейде көрсету себебі және де ҰБТ-ға дайындық жұмыстарының ұйымдастырылуы, қандай деңгейде ұйымдастырылады, соны басқа мектептерге практика жүзінде, теория жүзінде барынша көрсетіп, осы қаламыздағы барлық мектеп оқушыларының білім деңгейін жоғары деңгейге жеткізу мақсатында ұйымдастырылған жұмыстар.
02 ақпан 2018 ж. 1 285 0

Абай кабинеті ашылды

05 қазан 2024 ж. 65

Мәртебелі мамандық

05 қазан 2024 ж. 68

Зерделі шәкірт зергері

05 қазан 2024 ж. 68

1070 жылдық өнеге

05 қазан 2024 ж. 50

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031