Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аралдағы су қашан таусылатынын білесіз бе?

Аралдағы су қашан таусылатынын білесіз бе?

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаев Аралдың Қазақстанға тиесілі бөлігінде қанша су қалғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Вице-министрдің айтуына қарағанда, Қазақстан жыл сайын Үлкен Аралға 4,5 млрд текше метр су құйып отыр.
«Үлкен Аралды қалпына келтіру қиындау. Себебі, Сыр мен Әмудария өзенінің бойында адамның тірлігі жылдан-жылға ұлғаюда. Адамдар саны  көбейіп жатыр. Қазақстанның Аралды сақтап қалуға қосқан үлесі – Кіші Аралды сақтап қалғаны. Кіші Аралды сақтап қалу арқылы қаншама жерді тұзданудан сақтап отырмыз. Үлкен Арал қазіргі күнде жоқ деуге де болады. Азын-аулақ қана суы бар. Біз жылына Сырдария бойынша 4-4,5 млрд текше метр суды Үлкен аралға тастаймыз. Әрине, ол қаңсыған Аралдың жұмырына да жұқпайды. Оған кем дегенде жылына 20-30 млрд текше метр су келіп құйылуы керек.  Бірақ, адам тіршілігін тоқтатуға болмайды.  Сырдың бойында отырған халық та, Оңтүстік пен Өзбекстан халқы да жыл сайын көбейіп келеді. Адамзаттың тірлігі тек Аралға емес, бүкіл ғаламшарға әсерін тигізіп жатыр», - деген министрлік өкілі Аралдың құрғап қалған табанына сексеуіл егу жалғасып жатқанын атады.

 
«Қазіргі күнде Кіші Аралдың өзінде  30 млрд текше метрден астам су бар. Су пайда болғалы маңайында тіршілік те жанданды.  Көктемде біздің министрлік Корея Республикасының Орман шаруашылығы қызметімен бірлесіп Арал теңізінің құрғаған түбін фитоорманмен мелиорациялау бойынша гранттық жобаны іске асырып, Қызылорда облысында 5,0 мың гектар алқапқа сексеуіл екті», - деді Ерлан Нысанбаев.


26 тамыз 2019 ж. 900 0

19 наурыз – Жаңару күні

19 наурыз 2024 ж. 29

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031