Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 31 тамыздан бастап мешіттер ашылады

31 тамыздан бастап мешіттер ашылады

31 тамыздан бастап ҚМДБ-ға қарасты еліміздегі бірқатар мешіттер жекелеген намаз бен құлшылықтар үшін, санитарлық талаптарды сақтай отырып ашылады.

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен Ведомствоаралық комиссия отырысында шектау шараларын жеңілдетудің екінші кезеңі мақұлданды. Ведомствоаралық комиссия елдегі оң жағдайды ескере келе, 31 тамыздан бастап бірқатар нысандардың қызметін қайта бастауға рұқсат берді.
Атап айтқанда, діни объектілер, бассейндер, жаттығу залдары, спорт кешендері, мәдениет нысандары, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, қорықтар, резерваттар, сондай-ақ қала маңындағы жолаушылар пойыздары, электр пойыздары, қалааралық, облысішілік автобустар, шағын автобустардың қозғалысына рұқсат беріледі. «Барлық нысандарға тиісті дайындық актілерін алғаннан кейін ғана жұмысқа кірісуге рұқсат беріледі.
Өңірлердің әкімдіктері Денсаулық сақтау министрлігі, «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, қоғам белсенділерін тарта отырып, енгізілетін нысандардың барлық санитарлық талаптарды қатаң сақтауын қамтамасыз етуі қажет», - деп атап өтті Ералы Тоғжанов. Ведомствоаралық комиссия шешіміне сәйкес 31 тамыздан бастап ҚМДБ-ға қарасты еліміздегі бірқатар мешіттер жекелеген намаз бен құлшылықтар үшін, санитарлық талаптарды сақтай отырып ашылады.
Айта кетейік, екі апта бұрын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осы мәселеге байланысты құзыретті мекемелерге карантин талаптарын сақтай отырып, мешіттерді қайта ашу туралы ұсыныс берген болатын.


27 тамыз 2020 ж. 797 0

Жас өрендер жетістігі

17 наурыз 2026 ж. 30

Амал – айтулы мереке

17 наурыз 2026 ж. 24

Тәттіден қауіп келмесін

17 наурыз 2026 ж. 37

Өнегелі өмір иесі

17 наурыз 2026 ж. 38

Наурыз келді, құт келді

17 наурыз 2026 ж. 39

Маңызды ақпарат

16 наурыз 2026 ж. 103

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031