Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Рұқсат пен тыйым: Қандай нысандар ашылып, қайсысы жабық күйінде қалады

Рұқсат пен тыйым: Қандай нысандар ашылып, қайсысы жабық күйінде қалады

«ҚазАқпарат» ХАА оқырмандар назарына келесі аптадан, яғни 3 тамыздан бастап жұмысын бастайтын және әлі де жабық күйінде қалатын нысандардың тізімін ұсынады.
Атап айтқанда мына нысандардың жұмысы қайта жанданады:
- ойын-сауық орталықтары;
- сауда үйлері;
- уақыты мен күні шектеулі тәртіпте сауда желілері;
- жабық азық-түлік нысандары мен азық-түлік сатпайтын базарлары;
- балалардың коррекциялық кабинеті;
- білім беру орталықтары;
- балаларды дамыту орталықтары; - топтық үйірмелер (бес баладан аспауы керек);
- балалардың мектепке дейінгі мекемелері (кезекші топ режимінде жұмыс істеуге рұқсат);
- сән-салондары;
- шаштараздар;
- косметикалық қызмет көрсететін орталықтар мен салондар, маникюрлар мен педикюрлар (алдын ала жазылу бойынша).
Қандай нысандардың жұмысына тыйым күшінде қалады? Қандай шектеу шаралары күшінде қалады?
- жаппай жиналатын бұқаралық шараларды өткізуге;
- көңіл көтеретін мекемелерге, кинотеатрлар мен фудкорттарға, банкет залдарына;
- мейрамханалар мен барлар, түнгі және ойын клубтары;
- мәдениет нысандары, музейлер;
- конференциялар мен көрмелер, форумдар;
- спорт залдары, фитнес-орталықтар, бассейндер мен аквапарк пляждары, діни нысандар;
- жолаушылар пойызы (жұмыс пойыздарын есептемегенде электричкалар) мен қалаарасындағы автобустардың қозғалысы жанданбайды. Еске сала кетсек, бүгін ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин елдегі эпидемиологиялық жағдай мен коронавирус инфекциясына қарсы күрес шаралары туралы Үкімет отырысын өткізген болатын. «Елдегі эпидемиологиялық жағдайды одан әрі жақсартуымыз қажет. Бүгін Денсаулық сақтау министрлігі карантиндік шараларды біртіндеп алу жоспарын ұсынып отыр. Қазіргі жағдай мен осы айдың қорытындысын ескере отырып, Мемлекеттік комиссияның отырысында бұл Жоспар қарастырылып, тиісті шешім қабылданады», - деді Асқар Мамин.

28 шілде 2020 ж. 648 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 45

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930