Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Денеде су мөлшерінің аздығы семіздікке шалдықтырады – диетолог

Денеде су мөлшерінің аздығы семіздікке шалдықтырады – диетолог

Артық салмақтан құтылу үшін кез келген сусын түрін газдалмаған минералды таза сумен алмастыру қажет. Бұл туралы диетолог дәрігер Людмила Бабич ГолосUA тілшісіне берген сұхбатында мәлімдеді.
«Адам ағзасы қозғалыс кезінде калорияларды жұмсайды, біз қимыл-қозғалыстарды неғұрлым көбірек жасайтын болсақ, соғұрлым көбірек калория жұмсайтын боламыз – бұл баршамызға белгілі жайт. Алайда, көбіміз спортпен шұғылдануға мән бермейміз, спортты былай қойғанда автобус аялдамасына дейін баруға және үшінші қабатқа баспалдақпен жаяу көтерілуге ерінеміз!
Өз денеңізге түсетін жүктемені қайта қарағаныңыз жөн: бұған өз денсаулығыңызға салынатын инвестиция тұрғысынан қараңыз, егер екі аялдама қашықтықты жаяу жүріп өткенде ғана, түскі астан кейін бірер дана тәтті кәмпит жеуге рұқсат етуге және өз-өзіңізге уәде беріңіз. Жаттығу залына баруға уақытыңыз жоқ болса – таңертең 15-20 минутыңызды таңғы жаттығу жасауға бөліңіз, аздап билеңіз, пәтерге немесе кеңсеге лифтпен емес, баспалдақпен жаяу көтеріліңіз және т.б.» - деп кеңес береді дәрігер.
Өзңіздің күні бойы нені жейтініңізді ғана емес, сонымен бірге не ішетініңізді де қадағалап отыру аса маңызды.
«Денеде судың жеткіліксіздігі – метаболизмнің баяулауының негізгі себептерінің бірі, бұл дененің бел тұсында артық салмақтың жиналуына алып келеді. Сонымен қатар, таза су денені зиянды улы заттар мен шлактан тазартуға ықпал етеді. Әдетте,адам ағзасына қалыпты жағдайда жылдың жылы маусымында 2,5-3 литр және қысқы мезгілде кемінде 2 литр су қажет. Соның ішінде, 1 литрге дейінгі суды біз тағамдар арқылы аламыз: әсіресе жеміс-жидектер мен көкөністерде су мөлшері өте көп, ал қалған бөлігін сусындар ішумен толықтыру қажет: мүмкіндігінше газдалмаған таза минералды су, көк шәй, морс, компот және жаңадан дайындалған жеміс шырындарын пайдаланған дұрыс», - деді маман.
18 ақпан 2018 ж. 1 656 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 77

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930