Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Фитбол добының пайдасы

Фитбол добының пайдасы

Фитбол  деп – жүкті әйелдерге арналған допты айтады. Бұл жай ғана доп емес, аяғы ауыр әйелдердің дене бітімін қалыпты сақтауға көмектесетін нағыз жаттығу құралы. Сонымен қатар бұл доп арқылы босануға дайындалуға да болады. Ендеше осы жайында жазылған ақпаратпен кеңінен таныса отырыңыз.
Фитбол – өте жұмсақ пластикадан жасалған доп. Негізгі отаны – Щвейцария. 1980 жылдан бері осы елде түрлі спорт мектептерінде, жаттығу залдарында қолданып келеді. Ал бүгінде жүкті әйелдерді босануға физикалық тұрғыдан дайындау үшін кеңінен қолданылып жүр.
Фитбол жұмсақ болғандықтан, адамның дене салмағына қарай мыжылып, қайта қалпына келеді. Осы арқылы аяғы ауыр әйелдің денесіне ойдағыдай әсер етіп, арқа омыртқасына түскен ауырлықты жояды. Өйткені екіқабат кезде көп күштің бәрі осы бел, арқа омыртқаларына түседі. Сонымен қатар бұл доппен жаттығу жасаған кезде жүкті әйелдер өзін жеңіл сезініп, денесі босаңсиды.
Доптың жүкті әйелдерге тигізер пайдасы

— Дене буындарының жұмысын жақсартып, иілгіш етеді;
— Қан қысымын қалыпты ұстайды;
— Жүрек-қан тамыр жүйесін және тыныс жолдарын нығайтады;
— Ағзадағы қанайналымды жақсартады; — Босануда белсенді болатын бұлшықеттерді нығайтады;
— Толғақ басталған кезде жаттығу жасаған өте пайдалы. Ол ауруды басып, толғақты жеңілдетеді.
Фитбол добын қалай таңдаған дұрыс? Допты дұрыс таңдау өте маңызды. Ол үшін допты сатып аларда ең бірінші оның көлеміне мән беріңіз. Фитболдың жанына отырғанда оның биіктігі иығыңызбен қатарлас тұруы керек. Ал допқа отырғанда тізеңіз бөксеңізден 10 сантиметрдей төмен тұруы қажет. Ең дұрысы допты бойыңызбен салыстыра отырып өлшеңіз.
— Бойдың ұзындығы 152 см дейін болса, фитболдың диаметрі 45 см болу керек.
— Бойдың ұзындығы 152 мен 165 см аралығында болса, онда фитболдың диаметрі 55 см болу керек.
— Бойдың ұзындығы 165-185 см аралығында болса, онда фитболдың диаметрі 65 см болуы тиіс.
— Доптың сырғанақ болмауын да қадағалаңыз. Себебі жаттығу кезінде доптан тайып, құлап кетуіңіз ғажап емес.
Фитболмен жаттығу жасағанда қажет нәрселер
1. Доппен жаттығу жасағанда аяқ киімсіз жүрген дұрыс немесе табаны сырғанамайтын аяқ киім киюге болады.
2. Бастапқы кезде доппен жаттығу жасауды үйренгенше қасыңызда көмекші болғаны дұрыс. Егер де жүкті әйелдің босану уақыты жақын болса, онда қасында міндетті түрде көмекші болуы керек.
3. Жаттығуды барынша жай қимылмен әрі аса мұқият жасау керек. Тыныс алу қалыпты болуы тиіс.
4. Егер де жаттығу кезінде қандай да бір жайсыздық туындаса, сол мезетте жаттығуды тоқтату керек.
Жаттығуды қалай жасаған дұрыс
Ең алдымен допқа ақырын отырып, аяқты 60 см шамасында бір-бірінен алшақ ұстайсыз. Егер де осылай отыру жүкті әйелге қиындық тудырса, қасындағы көмекшісінен ұстап тұруына болады. Осылайша біраз доппен серіппе жасап алу керек. Ол үшін тағы да отырған қалыпта допқа қаттырақ отырып, секіртесіз. Содан кейін ғана жаттығуды бастауға болады. Алғашында денеге артық күш салмай, жеңіл жаттығулар жасау керек. Мәселен:
Тербетілу. Фитболға жайғасып отырып алғаннан кейін допты жамбаспен алға-артқа, оңға-солға жылжытып, тербетілесіз.
Айналу. Отырған қалпыңыздан айнымай, жамбас арқылы дөңгеленіп, бір айналыңыз. Алдымен сағат тілімен, сосын сағат тіліне қарсы айналасыз.
Бөксеге арналған жаттығу. Еденге жайғасып отырып, допты екі тізенің ортасына қоясыз. Содан соң допты тізімен қысып, кейін қайта босату жаттығуын жасайсыз.
Жамбас сүйегін нығайту. Ол үшін фитболға отырып, ішкі бұлшықеттерді жиырып, барынша допқа 5 секунд бойы күш салып тұрыңыз. Сосын денені босатып, қайта бастапқы қалыпқа келу керек.
Денені босаңсыту. Тізерлеп отырып, допты құшақтаңыз. Сөйтіп ең алдымен белді, содан соң иықты босаңсыту керек. Бұл жаттығулардың әрқайысын 5 минуттан жасаған жөн.
12 ақпан 2018 ж. 3 694 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031