Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауруға атүсті қарап жүрміз бе?

Ауруға атүсті қарап жүрміз бе?

«Қиын кезең артта қалды» дейді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой. Мұнымен министр қазіргі таңда жағдай тұрақталып, вирус жұқтырғандардың саны азайғанын айтып, қуанышты жаңалықпен бөліскісі келген болар.

– Барлық қиналған кезді артқа тастадық деп айтсақ артық болмас. Қазір жағдай тұрақталып келеді. Наурыз айынан бері 92662 адамнан індет анықталып, оның ішінде 30 мыңға жуық науқас емделіп жатыр. Ал қалған пациенттер жазылып шықты. Десек те бір өкініштісі кешегі күнмен есептегенде 1058 адам қайтыс болды, – деді А. Цой.
Одан бөлек министр коронавирустың жаңа толқыны осы жылдың қыркүйек-қазан айларында пайда болуы мүмкіндігін тілге тиек ете келе барлығы да осы кезеңдегі ауа райына ­байланысты екендігіне тоқталды.
Бүгінде індеттің іркілгенін сезінген жұртшылық сақтық шараларын қатаң түрде сақтау қажеттігін елемей кеткен секілді. Олай дейтініміз ауданда қазіргі індетпен қүрес ахуалы бұрынғысынан өзгерек. Аудан тұрғындары бетперделерін шешіп, кешегі қысылтаяң сәтті ұмытып үлгерген. Шындығында карантин жеңілдетілгеннен кейін маска тағудың қажеті бар ма? Үкіметтің онлайн отырысында ­журналистер Денсаулық сақтау министріне осы сауалды төтесінен төндірген болатын. Цойдың айтуынша, карантин алынып тасталса да, бетперде тағуға тура келеді екен.
Одан бөлек «әлемнің барлық елдері сияқты бізде күз-қыс мезгілінде сырқаттанушылықтың өсуін күтеміз. Сондықтан біздің міндетіміз – денсаулық сақтау жүйесін дайындау», деген министр әлі де вирустан сақтануды қаперде ұстау қажеттігін жеткізді.
Жақында әлеуметтік желіде жапониялық дәрігер коронавирустың үшінші толқыны келетінін айтып, кеудеге қорқыныш ұялатып тастады. Мұны нақтылаған Жапония елінде он жылдан бері дәрігер болып қызмет етіп келе жатқан Әбдібек Халибек болатын. Оның сөзінше қазір ондағы тіршілік айтарлықтай жақсарған. Алайда жұртшылық сақтық шараларын әрі қарай күшейтпесе, еркіндік танытпаған. Сонымен қатар қазіргі кезде бастысы тазалыққа жіті көңіл бөлу қажеттігін айтып өтті.
– Бұл елдегі тазалық адам сенгісіз дәрежеде. Коронавирус пандемиясы басталмай тұрғанның өзінде жапониялықтардың тазалық сақтауы ерекше болатын. Қазір бірнеше есе. Үш-төрт жастағы балабақшаға баратын балалар бүгін киген киімін екінші күні кимейді. Далаға шыққан сайын беті-қолын қайта-қайта жуады. Бұл елдегі күнделікті қарапайым ғана әдет. Тұмауратып қалса, алдымен өзге адамға жұқтырып алмауды ойлап тұратын халық. Дезинфекция жасау, қоғамдық орындарда тамақ ішіп болғаннан кейін залалсыздандыру шаралары бұрыннан бар. Тек қазір адамдар арасындағы 1,5 метр қашықтық мықты сақталуда.
Індеттің үшінші толқыны келетіні анық. Күз айларында тұмау маусымы басталады. Ол коронавируспен қатар келгенде адам ағзасында қандай өзгерістер болатыны бізге беймәлім. Бізді алаңдататыны да осы. Сондықтан дайындық жақсы болуы тиіс, – дейді ол.
Шыны керек үкімет қатаң тәртіп орнатып, төтенше жағдай режимі енгізілсе де жасырып той жасаған халықпыз. Оған қоса індет өршіп тұрған тұста сақтануды елемей күні-түні кезіп жүргеніміз тағы бар. Барлығы артта қалғандай көрінгенде кешегі дәріхана жағалап, кезекте тұрған күндерді санадан сылып тастадық. Бетперде тағу өз алдына, дезинфекциялау жұмыстары жалғасын таппай қалды. Мұнан бөлек дүкендер мен сауда орталықтарында ептеп антисептиктердің алынып тасталуы көңілге кірбің ұялатпай қоймайды. Арақашықтықты сақтау шараларын естен шығарғандар да арамызда. Уақытша дүрбелең тоқтады дегенімізбен, бұл аты жаман індет түбегейлі тыйылды деген сөз емес. Кенет вирустың келесі толқыны жағадан алар болса, қайтадан тығырыққа тірелетініміз даусыз. Сондықтан сақтық шараларын қатаң түрде ескеріп, бұған атүсті қарамау керек секілді.

А.БАҚЫТҰЛЫ
15 тамыз 2020 ж. 806 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930