Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жеткіншек және жанұя

Жеткіншек және жанұя

"Нұр Отан" партиясы Қазалы аудандық филиалының мәжіліс залында партияның "Бақытты отбасы-Бақытты балалық шақ" жобасы аясында жанұя және бала мәселелері бойынша арнайы үкіметтік емес ұйымдармен мемлекеттік органдармен бірлесіп азаматтарға психологиялық педагогикалық және құқықтық консультациялар берілді.
Аталған шараға аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәмбетжан Қасқырбек Өмірзақұлы және психологтар мен отбасы мүшелері қатысты. Шараны төрағаның бірінші орынбасары ашып, жүргізіп, "Жеткіншектердің немесе жасөспірім балалардың мінез-құлқының қалыптасуында жанұя жағдайларына тәуелді болмайтын ештеңе жоқ. Барлығы да ата-ана тәрбиесіне байланысты екені баршаға аян. Әсіресе, жеткіншектік кезеңде балалар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынас жаңа бір сапалы белеске бет алады. Өйткені, жанұяның әсері жеткіншек тұлғасының барлық адами қасиеттерінің ауқымдарын қамтиды. Ата-аналар балаларының өсіп жетілу үрдісінде олар үшін маңызды адамдар болып табылады. Осы орайда өздеріңізбен арнайы мамандарды қатыстыра отырып, ашық түрде еркін пікір алмасу ұйымдастырып отырмыз. Біз бала тәрбиесінің біраз қыры мен сырына үңілгендей болдық. Мұндағы мақсат – жанұя тәрбиесінің маңыздылығын ескерту, аз да болса, ата-аналармен психологиялық ағарту жұмысын жүргізіп, тәрбиелік сауатын дамыту. Жанұя тәрбиесі – бала тұлғасындағы адами қасиеттерді қалыптастыратын жауапты да, күрделі іс. Сондықтан да мен «Бір де – бір баланың тәрбиесі назардан тыс қалмасын»! – деп айтқым келеді деді. Отбасы мүшелері тарапынан психолог мамандарға сауалдар жолданып, тиісті жауаптар алынды.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат. 
17 ақпан 2018 ж. 2 028 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 70

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930