«Мың алғыс» акциясы өтті
Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы және «Сыр волонтерлері» орталығының ұйымдастыруымен өткен «Мың алғыс» акциясына облыстық ҚХА құрылымдары мен этномәдени бірлестік өкілдері, облыстық жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған волонтерлар фронт-офисі, кәсіпкерлер мен меценаттар, қоғамдық ұйымдар белсене атсалысты.
Акция індетке шалдыққан науқастармен тікелей жұмыс істейтін медицина қызметкерлерінің және мұқтаж отбасыларға көмек көрсетуге бағытталған.
Аталған акция барысында 60 отбасыға азық-түлік жиынтығы, мерекелік себеттер, «Абай-Дәулет» ЖШС атынан 200 қалта күріш, «Ажар СИТИ» сауда үйі 20 коробка азық-түлік жиынтығы және этномәдени бірлестіктің өкілдері тарапынан ет таратылды. Азық-түлікті автоволонтерлер қажетті мекен-жайларға өз көліктерімен жеткізді.
Сондай-ақ, медицина қызметкерлеріне елеулі еңбектері үшін облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы атынан алғыс хат табысталды.
kyzylorda-news.kz