Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда азық-түлікті төмен бағада ұсынатын сауда орны ашылды

Қазалыда азық-түлікті төмен бағада ұсынатын сауда орны ашылды

Қазалы ауданында “Ажар сити” сауда орталығының көтерме сауда орны ашылды.
Көтерме сауда орнын ашудағы негізгі мақсат – аудандағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру. Әйтеке би кентіндегі “Нұршуақ” автобекетінде орналасқан сауда орнында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік жеткілікті. Сауда орны аудан тұрғындарына 50-ге жуық тауар түрін ұсынып отыр, – делінген аудан әкімі баспасөз қызметінің хабарламасында.
Мысалы, екінші сұрып ұнның бағасы 5 250 теңгеден басталады. Ал, бірінші сұрып “Стандарт” ұны – 6000 теңге, бірінші сұрып “Ажар” ұны – 3623 теңге (25 келі), 6825 теңге (50 келі), жоғары сұрып “Ажар” ұны – 945 теңге (5 келі), 1838 теңге (10 келі), 3825 теңге (25 келі), 7100 теңге (50 келі), бірінші сұрып “Адема” ұны – 3754 теңге (25 кг), 7000 теңге (50 кг), жоғары сұрып “Адема” ұны – 3938 теңге (25 келі).
Нан бағасы – 65 теңге. Күріш пен өсімдік майы да базардағыдан төмен бағада сатылып жатыр. Алдағы уақытта сауда орнына көкөністер де қойылады.
“Ажар Сити” сауда орталығы Қызылордада азық-түлік және азық-түлік емес тауарларына баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында ашылған.
25 наурыз 2020 ж. 908 1

Илья от 25 наурыз 2020 21:37
Перевод с английского, немецкого, французского, испанского, польского, турецкого и других языков на русский и обратно. Возможность переводить отдельные слова и фразы, а также целые тексты и веб-страницы. ... Обновите, пожалуйста, страницу. Набранный текст и перевод не потеряются. Обновить страницу. Не удалось открыть подборки. Переводчик не смог соединиться с базой данных браузера. Если ошибка повторяется из раза в раз, пожалуйста, напишите в поддержку.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 
  • Қытайда екі миллиардтан астам вакцина салынды