Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 2020 жылдан бастап пойызда жол жүру ақысы қымбаттайды

2020 жылдан бастап пойызда жол жүру ақысы қымбаттайды

Қазақстан темір жолы билеттің ақысы қымбаттайды деп отыр. Қаражат жоқ, жаңа вагон алу үшін осындай қадамға барып отырмыз, деп ақталуда компаниядағылар.

«Жыл сайын инфляция деңгейіне көтерілуі керек. Жылдың басынан көтерілмегеннен кейін, жылдың аяғында болғаннан кейін 10 пайызға көтердік. Келесі жылы да үмітіміз бар, инфляция деңгейіне көтеріледі деген. Ол 7 пайыз. Билет арқылы қайтармасақ, басқа табыс көзі жоқ қой, өздеріңізге белгілі», – Серік Әбденов, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.
Сөйтіп халықтың арқасында ұлттық компания биыл сатып алған 63 вагонға тағы 146 вагон қосады.
Ең алдымен, елдің батыс өңірі мен Алматы бағытындағы тозығы жеткен пойыздар жаңартылады.
Билет тарифін өсірмеген жағдайда, ұлттық компания мемлекеттен 2 миллиард 800 миллион теңге субсидия сұрамақ.
Десек те, Сенат спикері темір жолдардың жағдайының мәз еместігін алға тартты. Дариға Назарбаева «Қазақстан темір жолының» жыл сайын тек жолдардың аз ғана бөлігін жаңартып жөндейтініне қынжылды. Бұл шенеуніктердің транзиттік әлеует туралы мақтана айтып жүргенімен мүлдем сәйкес келмейді.
«Темір жолдардың жалпы ұзындығы – 16060 шақырым, оның шамамен 3 мың шақырымы ғана жөнделген. Теміржол былай тұрсын, автомобиль жолдары нашар. Шекаралардағы инфрақұрылым туралы айтпай-ақ қояйын. Әрине, мұндай кезде тасымалдаудың өзге түрлері пайда болады», – Дариға Назарбаева, Сенат спикері.

23 желтоқсан 2019 ж. 833 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930