Той тойлау тыйылмай тұр
Рас. Той – қазақтың қазынасы. Дегенмен адам жанын жалмап келе жатқан коронавирустың статистикасына назар аударайық. Елде індет жұқтырғандар саны 70 мыңнан асып кеткелі қашан. Бұл дегеніміз тұтас Қазалы халқының қарасына жақын. Осыдан бірер апта бұрын аудандағы жағдай күрделенгенде қайтыс болғандар санынан шошыдық. Бұл туралы нақты ақпарат болмағанымен, газет беттерінде жарияланған көңіл айту мен қазанамалардан-ақ мәселеге мардымсыз мән беріп отырғанымызды байқаймыз. Ел үкіметі “Қаралы күн” жариялап, бір көшедегі бірнеше отбасы қара жамылып отырса да, той десе делебесі қозатындардың саны кемір емес. Оған қатысып, бірер күннен кейін жан тапсырып жатқан жерлестердің барын да ешкім жоққа шығара алмас. Ашығын айту керек, келіннің тойына кемпірдің өлімі қатар келіп отыр.
Бұрын-соңды келесі көшедегі думан біздің жаққа естілмейтін. Ал қазір карантин кезінде жұрттың бәрі той жасауды еселеп жіберген сияқты. Өйткені кешкілік тыныштықта жан-жақтан жағаласа шулаған бірнеше тойдың дауысы естіледі. Бір қызығы елде карантин жағдайы қайта енгізілген тұста жұрт той жасауды арттырып жіберген. Бұдан кейін қалалардың оқшаулануы, талаптардың күшейтілуі нәтиже бермейтіні анық. Әлі күнге дейін бір айдан аса уақыт бұрын қонақ санын отыз адамнан асырмаса болды деген талапты алға тартып, думандатып жүргендер жетерлік. Сөйте тұра жүз мейманнан аспайтын тойды кездестіру мүмкін емес. Негізінде бұған бас санитарлық дәрігердің қаулысындағы “ашық аспан астындағы қоғамдық тамақтандыру орындарының” жұмысына берілген кеңшілік себеп болған сияқты. Той ұйымдастырушылар осыны желеу етсе керек. Қызық қуғандардың талаптарды орындауға құлықсыздығына шара көретін, ондаған адамның індет жұқтыруын болдырмауға күш салуы керек жергілікті әкімдіктің де, полиция бөлімінің де жұмысы өнбей отырғанын осындайда ашық айтпасқа болмайды. Олай деуімізге ала таңнан басталған бір үйдегі ұлан-асыр тойдың түн ортасына дейін, тіпті бірнеше күн қатарынан жалғасуы түрткі болып отыр. Шындап келгенде жұрт естіп, біліп отырған тойдың мекен жайын құзырлылардың білмеуі мүмкін емес. Әсілі, үлкен дайындықпен жасалған қуанышты қазақылыққа салынып, бел ортасынан тоқтатуға батылы бармайтын шығар. Бірақ солай екен деп індет түсіністік таныта қоймайтынын білеміз. Ардагер-ұстаз Қадірбек Бекетов та “соғыс жағдайында” сауық құру – қисынға келмейтінін айтып отыр.
– Қазіргі таңда ауру бүкіл әлем елдерін титықтатып жіберді. Оның ішінде Қазақстандағы жағдай да көңілге кірбің ұялатады. Үкімет барлық сақтық шараларын ұйымдастырса да той азаймай тұр. Тойсыз қазақ болмайтынын білеміз. Дегенмен “сақтансаң – сақтаймын” деген бар емес пе? Сондықтан сақтану керек. Мәселен, ақ халаттылар күні-түні ауру адамдардың өмірі үшін күресіп, үйлеріне айлап қайта алмай жүр. Соның бәрі бекер болып, осындай үлкен жиындардың есебінен еңбек зая кетіп жатқан жайы бар. Қазір жақындарды тойға шақырмау ұят емес, олардың денсаулығын, амандығын ойламау әбестік болуы керек. Соны қазалылық жерлестер ертерек түсінсе екен деймін.
Жақында ғана өршіген аурудан қанша адам төсек тартып, тағы біразы жан тапсырды. Бұған жүздеген жан жиналған тойдың әсері болғанын мойындау керек. Ел үкіметі жағдайды ретке келтіргенше, қауіптің беті қайтқанша той-думанды тоқтатқан дұрыс. Қуаныш иесі өзінің отбасының төңірегінде, шағындап қана атап өтсе қандай жарасымды. Тойсыз болмайды десе, кейінге қалдыруға да болады. Жұрт қара жамылып, ел аза тұтып отырғанда думандатқан қазақ жұртына жат қылық, – дейді ол.
Негізінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 462-бабының үшінші бөліміндегі «Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының нұсқамаларын орындамау» деген қатаң жаза бар. Талапты ескермегендерге 500 АЕК-ке дейін немесе 1,4 миллион теңгеге дейін айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілік тағайындалуы керек.
Сондай-ақ санитарлық ережелер мен гигиена нормаларын бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік немесе 5 миллион теңгеге дейін айыппұл салынатыны айтылған.
Ал отбасылық мереке, той-жиын кезінде індет ошағына айналып, ауру тарап, соңы адамның өлімімен аяқталса, Қылмыстық кодексінің 304-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Оның жазасы 2 мың АЕК, яғни 5,5 миллион теңгеге дейін айыппұл төлеу деп бекітілген. Егер той жасап, соған келген мейман індеттен қайтыс болса, той иесі 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы да ғажап емес. Сол себепті “Той өкпесіз өтпес” деп жүргендер бұның қандай зардап алып келетінін терең ұғына білсе екен дейміз.

Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ