Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауру ажырасуға әкеле ме?

Ауру ажырасуға әкеле ме?

Қытай Халық Республикасы осы сәтте пандемияның елде таралуын тоқтатып, індет жұқтырғандар мен емделіп шыққандардың санын жақындастыра білген жалғыз мемлекет. Билік басындағылар аспан асты еліндегі жағдайды тұрақтандыра алса да, залал зардабын тигізбей қоймады. Бүкіл әлемді қамтамасыз етіп отырған арзан тауарлары қоймада қалып, экономикасы құлдырағаны аздай он мыңдаған адамы ажал құшты. Ал дәл осы сәтте жұбайлар жаппай ажырасу үшін сотқа жүгінуде. Соңғы екі аптаның ішінде коммунистер елінің Дачжоу қаласында 300 отбасы арыз беріп, үкімет күніне он отбасының ғана өтінішін қарайтын шектеу қойған. Қазір бар күш-жігерін індетпен күреске жұмсап жатқан елдер үшін бұл ертерек қамданатын мәселеге айналуы тиіс.
Отбасының ойрандалуының басты себебі ретінде – ерлі-зайыптылардың үйде көп уақыт бірге қалғандығы айтылады. Бір қарағанда қалыпты жағдайда бұл ақылға қонымсыз секілді. Бірақ қазіргі таңда кез келген адам бірнеше істің басын алып жүретінін, соның кесірінен көбіне түзде болатынын ескерсек, таң қалатын жағдай емесін ұғамыз. Күнделікті таң ата жұмысқа кетіп, кешкілік ауқаттанып алғаннан кейін қайта ұйқыға жатуды әдетке айналдырған жұрт үшін бұл шынында ұлттық мәселеге айналуы мүмкін. Бұндайда күніне бірер сағаттан артық әңгімелеспейтін, отбасылық құндылыққа аса көп көңіл бөлмейтін жандардың жүйкесі сыр беретіні анық. Дегенмен жастайынан отбасылық өмірге ерекше дайындалатын, ерте отау құратын қазақстандықтар үшін жаппай ажырасу қаншалықты қауіпті?
Шынтуайтына келгенде ұлттық құндылықтың тереңдігіне қарамастан, нарық заманы қазақтарды да өз тезіне салғаны жасырын емес. Өйткені әлемдегі ахуалға қарамастан онсыз да елдегі ажырасу деңгейі отау құрғандардың 40 процентін құрайды деген статистикалық дерек бар. Қазақстан Республикасы көпұлтты мемлекет екенін ескерсек, аталған көрсеткіш елдің тарихи иесі қазақтардың ғана үлесі деуге болмайды. Десек те, психологтар Тұран төсіндегі отбасы құндылығы кез келген вирустан күштірек екенін айтады.
Ең адымен аспан асты елі халқын үйде отыруға мәжбүрлегендіктен онсыз да ажырасуға бекініп отырған отбасылар карантиннің аяқталғанын күткен болуы мүмкін. Бұдан бөлек олардың өзіндік ұлттық ерекшеліктері бар. Біздің менталитетте әліптің артын бағу, шыдау сияқты қасиеттер барын жоққа шығара алмайсыз. Көбіне соның есебінен ажырасу алдындағы отбасылар сақталып қалады. Оның үстіне ертеден өз отбасынан бөлек, бөтеннің жетім-жесірін жылатпаған қазақ үйдегі жақындарын қадірлеуді арттыра түсетініне сенім мол. Неге десеңіз, осы күндері таныстарыңыздан “өзім үшін емес, отбасым, жақындарым үшін алаңдаймын” деп жүргендерді байқаған боларсыз. Бұл кезінде аманатқа қиянат жасауды өліммен тең санаған жұрттың ұрпаққа берілген гендік қасиеттері екені оңай аңғарылады.
Әлем елдерінде орын алған кез келген жағдай көбіне біздің отанымызда да төбе көрсететінін жоққа шығара алмаймыз. Солай бола тұра қазақ халқы қиын жағдайда отбасын тастап, дала кезіп кеткен емес. Керісінше үйде отырған ерлі-зайыптылар бір-біріне одан әрі бауыр басып, ауруды еңсергесін көрші елдегідей ажырасу емес, дүниеге келген сәбилердің саны артады деген үміттеміз.
Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ
07 сәуір 2020 ж. 1 224 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 36

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930