Бақша баптап, береке тапқан
Көз ұшына дейін созылған жасыл алқап. Сызған қағаздай қатарласа тізілген арықтар бойымен су сылдырлап ағып жатыр. Әр-әр жерде қолдарына кетпен, күрек ұстаған сушылар. Тас төбеден төнген күн шекені қыздырып барады. Алайда диқандар дамыл табар емес. Нағыз еңбек деген осы болар. Бұл Абай ауылынан жеті шақырым қашықтықта жатқан «Данияр» шаруа қожалығындағы көрініс.
Қожалық жетекшісі Мұхрадин Өтеев өзі бастап бақшалыққа алып келді. Өткен жылдан бері картоп егуді қолға алған кәсіпкер биыл да жұмысын ерте көктемде бастап кеткен. 15 гектар жерге картоп, көкөніс, 4 гектарға қауын-қарбыз екті. Қосымша азды-көпті қызанақ пен күздік қияр бар. Бұндағы алты техниканың екеуі жер жыртуға, екеуі картоп егуге, біреуі жер тегістеуге арналған. Жұмысшылардың барлығы Абай ауылының тұрғындары. Олар күнделікті үйлерінен жүк көлігімен қатынайды. Айлық жалақы уақытылы.
Бақша бригадирі Сағидулла Рсалиев сәуір айында жер жыртуды бастағандарын айтады. Одан кейінгі жұмыстар да реттілігімен орындалған.
– Аптасына немесе он күнде ауа райына, өскіндердің жағдайына қарай бір рет суарамыз. Аяқсу «Сол жаға» каналынан арнайы насоспен тартылады. Жұмыс таңертеңгі жетіде басталады. Бізде менің жұмысым, сенің ісің деген жоқ. Кез келген шаруа жұдырықтай жұмылумен бітеді, – дейді.
Еңбеккерлер арасындағы ұйымшылдық сырт көзге де бірден байқалады. Сушылардың барлығы бесаспап. Бақша баптаудың да қыр-сырына біркісідей қанығып қалған. Дала еңбеккерлерінің қатарында – Орақ Әділбаев, Бауыржан Қабылбаев, Абылайхан Қираев, Бақытжан Ерназаров, Әбдібек Мылтықбаев, Аманбек Мейірімхандар бар. Ал ауылшарушалығы саласында талай жыл еңбек еткен Нұрлан Шалабаевтың кейінгіге үйретері көп. Егін егудің жайын, техниканың тілін білетін жан өте еңбекқор.
– «Адамды адам еткен еңбек» демей ме? Маңдай тер, темірдей төзіммен келетін нәпақаның да берекесі мол. Көріп тұрғаныңыздай бақша басында қайнаған қызу тірлік. Ойдағыдай өнім алу үшін бұларға баладай бап керек. Бұл ретте жұмысшылардың еңбегі зор. Алла жазса, қыркүйектің 25-інен бастап өнім жинауға кірісеміз деп отырмыз. Ол кезде 25-30, тіпті одан да көп адам маусымдық жұмысқа тартылады. Өнімді аудан көлемінде саудаға шығарамыз. Келешекте жоңышқа егу ойда бар, – дейді шаруашылық жетекшісі М.Сражадинұлы.
Бұнда жұмысшылардан бөлек, он бес отбасы жеке бақша егуде. Бұл ретте М.Сражадинұлы: «Ауыл тұрғындарына жер бердік, еңбек етіп жатыр. Уақыты келгенде өнімін жинайды. Қолдан келсе, халықтан аянып қалмаймыз», – деді.

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА