Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қысылтаяң сәтте қолдау көрсетті

Қысылтаяң сәтте қолдау көрсетті

Індетке қатысты аудандағы ахуал көңіл көншітпей тұр. Өйткені вирустың таралуы салдарынан жиырма төрт сағат бойы ауруханаға түскен науқастардың саны артып, дәріхана алдындағы кезектен көз сүрінеді. Дәм мен иіс сезбейтіндер де жанымызда жүр.
Ең әуелі жұқпалы аурулар ауруханасындағы мән-жайды естіп қарап отыра алмадық. Көзбен көруге асыққанымызбен орайы түспей, тек қолға тиген мәліметтерді шолып шығумен ғана шектелдік. Дегенмен әлеуметтік желі жүйріктігінің арқасында аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Асылхан Дәрібаевтың аудандық жұқпалы аурулар ауруханасында болғанын білдік. Сондағысы емдеу орнында 14-29 жас аралығындағы жасөспірімдердің бар-жоғын білу. Артынша сәті түсіп Асылхан Дәрібаевпен жүздесіп, стационардағы аурулардың жағдайын білмекке асыққан болатынбыз. Ол әңгімесін індетпен күресіп жатқан тұрғындарды көргенде көзіне еріксіз жас келгенінен бастады.
– Дәл қазіргі елдегі ахуалдың салдарынан 8 шілде күні 14 бен 29 жас аралығындағы жастардың ауруханаға түскен, түспегені жөнінде білуді құп көрдім. Қуантарлығы сол жастар жоқ болып шықты. Барлығы 50 жастан асқан кісілер. Алайда аурухана ішіндегі олардың қалай қиналып жатқанын көріп, өз-өзімді әрең ұстадым. Қалай қол ұшын созарымды білмей, қауқарсыз күй кештім. Ақ халаттылар науқастардың бар жағдайын жасап, зыр жүгіруде. Арнайылап келгеннен соң көмек көрсетуге асығып, науқас адамдарға аз да болса қолдау көрсетудің жолын қарастырып бақтым. Сол жерде кислородпен екі бірдей адамның дем алып жатқанына көзім жетті. Бұл дегеніміз ауруханаға кислород жетіспейді, яғни тапшы. Осылардың барлығын бақылап, жұмыс орныма қайта келгеннен кейін ауруханаға кислород жеткізудің жолын қарастырдым. Абырой болғанда аудан мақтанышы, облыстық мәслихат депутаты, кәсіпкер Ибайдулла Тілеп ағамыз мән-жаймен танысып, қолдау жасайтынын айтты, – деді ресурс директоры.
Жұқпалы ауруханада барлығы 110 науқас жатыр. Күніне аз дегенде 5 адам түсетін көрінеді. Одан көп болғанда 10 адамға жетеді екен. Ауыр халдегі аурулар кислород көмегімен дем алып жатқандықтан оның аса қажеттілігі түсінікті. Оған қоса, стационарда кислород жетіспеушілігі сондағы жан баласының көрер жарығын сөндіруі әбден мүмкін. Алайда дәл қазіргі сәтте оған алаңдауға негіз жоқ. Себебі қиын кезеңде бауырларына қол ұшын соза білген атпал азамат Ибайдулла Тілеп ауруханаларды 200 баллон кислородпен қамтамасыз еткен.
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, қысылтаяң сәтте қолдау көрсеткен азаматтың ерлігін, халыққа жасаған жақсылығын айтпай кету әбестік. Ибайдулла ағамыздың тек бұл ғана емес, бұған дейін карантин уақытында 36 отбасын азық-түлікпен қамтамасыз етіп, вирустың алдын алу үшін халыққа 1500 бетперде таратып бергені қандай жағдай болмасын елмен бірге болатындығының дәлелі. Егер аудан ішінде Ибайдулла секілді қиын-қыстау уақытта қолдау көрсетіп, қол ұшын соза білетін жандардың қатары артар болса, бір болып аты жаман індетті бағындырарымыз сөзсіз.
Абзал ЖОЛТЕРЕК
14 шілде 2020 ж. 912 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930