“Ақарық” каналының арнасы тазаланып жатыр
Ғ.Мұратбаев ауылындағы аяқсу мәселесін реттеу мақсатында «Ақарық» каналының арнасына тазалау жұмыстары жүріп жатыр. Игі шараға қаражатты Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бөліп отыр.
Ғани Мұратбаев ауылының әкімі Абай Рыстығұлдың мәлімдеуінше, осы жылдың наурыз айында жоба сметалық құжаттары дайындалып, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына жолданды. Нәтижесінде «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында 11 миллион теңге қаржы ауыл бюджетіне бөлінген.
– Ғани Мұратбаев ауылын көркейтіп, абаттандыру мақсатында “Ақарық” каналының 3,9 шақырым арнасы қазылып, тазаланады. Бұл үшін арнаны қазатын 2 экскаватор, каналдың басын тегістейтін бюльдозер техникалары жұмылдырылады. Жоспар бойынша 1 ай ішінде толықтай тазартып шығуды көздеп отырмыз, – дейді А.Рыстығұл.
Айта кеткен жөн, “Ақарық” каналын тазартқан соң мұратбаевтықтардың бақша суарып, тал өсіруге кедергі аяқсу мәселесі толықтай шешіледі. Бүгінде осы шаруаға ауылдың 6 жұмыссыз тұрғыны тартылды. Олар арықты бітеп тастаған топырақ аралас қамыспен қоғаны каналдан аршып шығаруда.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА