Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аяқсу ағатын арықтар артады

Аяқсу ағатын арықтар артады

Жыл өткен сайын ауданның әрбір көшесі көріктеніп келе жатқанын байқау қиын емес. Ол үшін құзырлылар тарапынан тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Бүгінде кент келбетіне сән беретін декорацияларға дейін бағаналарға бекітіліп қойылған. Жұртшылық болып қолға алынған тазалық айлығы да өз қарқынынан таймай, таза қаланың көрінісін қалыптастырып үлгерді. Бірақ орталық көшелерден бөлек кент айналасындағы мөлтек аудандарға аяқсу жеткізу мәселесі әлі де толық шешімін таппағаны жасырын емес. Әкімдік тарапы бұл бағыттағы жұмыстар биыл да өзектілігін жоғалтпайтынын айтады.

Басқа аймақтардағыдай кенттің де жер бедері тегіс болмағандықтан су көтергіш арқылы айдалған аяқсу аумақтарға әр қалай жетеді. Бір көше бойында су шамадан тыс толып, көлік жолына жайылып жатса, екінші арыққа су толыққанды бармайды. Сол себептен кейбір мөлтек аудан тұрғындары мәселені баяндап, оны шешіп беруді сұраған. Нәтижесінде 2017 жылы бюджеттен бөлінген қаржыға «СНП-50-80» және «К-290/30» маркалы үш электронасостары алынған. Қазіргі таңда көшелерге Ақарық, Қарарық каналдары арқылы аяқсу таратылып келеді. Сондай-ақ тіршілік көзінің барлық аумаққа бірқалыпты жетуін ұйымдастыру мақсатында биылғы жылы 5 квартал аумағынан ұзындығы 5,8 шақырым болатын 6 көшеге құбыр жүргізу жұмысы қолға алынды. Ол үшін «ҚызылордаСушар» мекемесінен мамандар шақырылып, зерделеу жұмыстары жүргізілген. Қазіргі таңда топографиялық түсірілім жасалып, келіссөз жүргізілуде.

Бұдан бөлек су жүретін арықтардың жағдайы нашарлай түскен. Оған себеп – тұрғындар тарапынан тасталған қоқыс үйінділері мен көліктердің арық үстін таптап өтуі. Осы олқылықтардың орнын толтыру үшін сәуір айынан бастап аяқсу жүретін арық жолдарын қайта тазартып, бұрыннан су жүріп тұрған жыраларды қыршып ашу, кеңейту жұмыстары қолға алынған. Бүгінде Т.Бокин, Т.Рысқұлов, Т.Бөріқұлақов, Ж.Аймауытов, С.Мұқанов, О.Жанәділов, Ә.Марғұлан және Желтоқсан көшелері қоқыстан толық тазартылып, 1000 дана тал көшеттері отырғызылды. Осы тұста аудан тұрғындарының жанашырлығы арқылы туған жер көркейе түсетінін айта кеткен жөн.

Ағымдағы жылы да аяқсуды қажет ететін 9 көшеге арық қазу жұмыстарын жүргізу тиісті мекеме жоспарында бар. Оның алғы жұмыстары басталып та кеткен. Алдағы уақытта Әбілқайыр хан, М.Шоқай, Төле би, Р.Бағланова, Астана сияқты 16 көшеден арық қазылады. Ал жақын он күн ішінде аудандық аурухана, сот ғимаратарына және «Әйтеке би» ескерткіші алаңына труба арқылы аяқсу жеткізу жұмыстары өз мәресіне жетеді.
Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ

07 мамыр 2019 ж. 1 908 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930