Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанға шетелден келушілер үшін жаңа ережелер қабылданды

Қазақстанға шетелден келушілер үшін жаңа ережелер қабылданды

Қазақстанның бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысына орай шетелден келген азаматтар бірнеше санатқа бөлінді. Қазіргі таңда Қазақстанның алты мемлекетпен әуе қатынасына рұқсат берілген. 
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан және Түркия, Қытай, Оңтүстік Корея, Таиланд, Грузия және Жапония арасындағы әуе рейстері ашылғаны жайлы айтылған еді.
Жаңа қаулыға сәйкес, аталған елдерден келген азаматтар үш санатқа топтастырылған.
Бірінші санатқа ҚХР, Оңтүстік Корея, Жапония, Грузия, Таиланд елдері жатқызылыпты. Бұл елдерден келгендерге сауалнама және хабарлама беру сынды шектеу шаралары қолданылады.
Екінші санатта Түркия орналастырылыпты. Ережеге сәйкес елімізге келген жолаушылар термометрия, сауалнамадан бөлек тағы екі міндетті шектеу шарасы қарастырылған.
Біріншісі: Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде алынған сәтінен бастап 5 тәуліктен аспайтын уақыт өткен ПТР әдісімен зертханалық тексерудің теріс нәтижесі бар COVID-19-ға тексеру туралы анықтама (бұдан әрі - анықтама) болған жағдайда –шектеусіз;
Екіншісі: анықтама болмаған жағдайда ұшып келген күнінен бастап 48 сағат ішінде өту міндеттілігі туралы хабарлама беріле отырып, келген жері бойынша (шетел азаматтары үшін), тұратын жері бойынша (Қазақстан Республикасының азаматтары үшін) ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру.
Үшінші санатқа екінші және үшінші санаттағы елдерден басқа барлық мемлекеттер кіреді. Бұл жаққа халықаралық авиарейстерге тыйым салынған.
Қазақстан Республикасына шет елден қайта басталған халықаралық тұрақты авиарейстермен келген адамдарға қатысты шектеу шаралары Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына келетін шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың ресми делегацияларының мүшелерін; Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін; авиакомпаниялар экипаждарына бұл ережелер міндетті емес.
Еске салайық, бұған дейін шет елдерден келген азаматтар 2 күн карантинде жататын болғаны айтылған еді.
stan.kz
15 маусым 2020 ж. 520 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930