Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жамандықтан жирене білейік

Жамандықтан жирене білейік

Сыбайлас жемқорлықпен күрес бүгінгі күннің күрделі мәселесі болып отыр. Әлеуметтік қасірет болып табылатын бұл кесел, саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық. Осындайда ата-бабалар да дөп басып «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген. Бұған әділдік пен турашылдықты ту еткен Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және тағы да басқа біртуар тұлғалар мен шешендердің өмірі дәлел болатынын тарихтан жақсы білеміз. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа негізінен лауазымды қылмыстар жатады.
Уақыт көрсеткендей қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, пара беру мен алу, қызметтік жалғандық жасау, жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, лауазымды адамдардың сот үкімі мен шешімін немесе өзге де заң актісін орындамау, осындай қылмыстардың барлығы сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады. Сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күрес жүргізу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын ­жоятын, түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттырудың маңызы зор.
Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер төндіретіні белгілі. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі осы жаман әдетпен күрес болып табылады. Біздің елде сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіре отырып, індеттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана қарсы тұруға болады. Елбасының: «Жемқорлыққа қарсы күрес жан-жақты, үздіксіз, ашық әрі әділетті түрде жүргізілуі тиіс. Біз сонда ғана алға қойған биік мақсаттарға қол жеткізе аламыз» деген тұжырымы бар. Олай болса қоғамды жегідей жеп, алға жылжытпайтын жамандықтан жиреніп, оның қадамына тұсау салу баршамыздың азаматтық борышымыз.
Гүлмира ӨТЕУЛИЕВА,
аудандық мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімінің әдіскері
02 маусым 2020 ж. 859 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 67

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930