Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауыл адамдары қамқорлық құшағында

Ауыл адамдары қамқорлық құшағында

Ауылдың тұрмыстық жағдайын көтеру, оған жаңа тыныс беру – басты міндет. Өйткені ауыл – барша адамзаттың темірқазығына айналған құтты мекен.
Аудан экономикасының негізгі қозғаушы күші мал және егін шаруашылығы ауылдарда орналасқан. Сондықтан елді мекендерді көркейту ісі – Елбасы жүктеген маңызды міндеттердің бірінен саналады. Осының негізінде өткен жылдан бастап Қазалы ауданында «Ауыл – ел бесігі» жобасы іске асырылуда.
Елді мекендердің ажарын арттыруға жергілікті атқарушы органдар тарапынан үнемі айрықша көңіл бөлініп келеді. Жыл сайын жергілікті бюджеттен 2-3 елді-мекенді абаттандыруға қаржы бөлініп, әр ауылда саябақтар, балалар ойын алаңдары, гүлзарлар, түнгі жарықшамдар орнатылып, халықтың демалуына қолайлы жағдай жасалған.
Сонымен қатар жергілікті басшылық биыл «Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту, ауыл тұрғындарының әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету және жалпы халық тұруға қолайлы орта жасау бойынша тиісті міндеттерді дер кезінде қолға алып, ұйымдастыруда. Соның арқасында Бекарыстан би ауылының тұрмыс сапасын жақсарту, әлеуметтік ортасын жаңғырту жұмыстарына республикалық және жергілікті бюджеттен 930,4 млн теңге бөлінді.
Оның ішінде, халықты көптен бері толғандырып жүрген елді мекендегі тұрғын үйлерге сервистік су желілерін жүргізуге 168,2 млн теңге қаралып, жоба шеңберінде ауыз су желісі 454 үйге кіргізіліп, су есептегіш қондырғысы орнатылатын болды.
Ауыл орталығындағы 7 көшені (М.Ізмағамбетова, З.Қалиева, Ғ.Мұратбаев, Қ.Мәкенов, Ү.Түктібаев, С.Сейфуллин, Ә.Нұрпейісов) орташа жөндеуге 582,9 млн теңге бөлінсе, қосымша 8 көшені жарықтандыруға (М.Ізмағамбетова, Ғ.Мұратбаев, С.Сейфуллин, Қ.Сариев, Ә.Нұрпейісов, А.Тілеубаев, З.Қалиева, Қ.Мәкенов) 128,9 млн теңге қаралды. Сондай-ақ №24 орта мектеп ғимаратын күрделі жөндеуге 50,3 млн теңге қарастырылып, балалардың білім алуына жайлы жағдай жасалды. Жоғарыда аталған істерді атқару барысында ауылдың 20 азаматы уақытша жұмыспен қамтылады.
Жаңа жоба елді мекендер тамырына нәр беріп, күрделі мәселелердің оңтайлы шешілуіне ықпал ететінін толық негіз бар. Өткен жылдың өзінде ғасырлық құрылыс атанған «Әлсейіт» көпірі де бүгінде халықтың игілігіне айналды. Ауыл жұртының жол мәселесіне байланысты күрмеуі қиын кедергілер артта қалды.
Осының барлығы мемлекеттің елге деген қамқорлығының айқын көрінісі. Облыстық мәслихат депутаты ретінде ұйымдастырылып жатқан игі істердің басы-қасында жүргендіктен халыққа жақсы жаңалық туралы бір ауыз пікірімді жеткізуді жөн көрдім.
Ибайдулла ТІЛЕП,
облыстық мәслихат депутаты,
«Тілеп» ЖШС директоры
23 мамыр 2020 ж. 904 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 51

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930