Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Вокзалға тек билетпен кіргізеді: пойыз жолаушылары нені білуі тиіс

Вокзалға тек билетпен кіргізеді: пойыз жолаушылары нені білуі тиіс

Жолаушылар маска тағуға, ал жолсеріктер бетпердемен қоса қолғап киюге міндетті. Жағдай тұрақталса, санитарлық-карантиндік шаралар біртіндеп жеңілдетіледі.

Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов пойыздарда негізгі санитарлық-карантиндік шараларды белгілейтін қаулыға қол қойды. Қаулы тасымалдаушылар жұмысына ғана қатысты емес. Құжатты вокзал әкімшілігі, тасымалдау саласындағы кәсіпорындар мен көлікке қызмет көрсету ұйымдары басшылыққа алады. Вокзал ғимаратына тек билеті бар жолаушылар кіргізіледі. Жолаушылар маска тағуға, ал жолсеріктер бетпердемен қоса қолғап киюге міндетті. Шығарып салушылар вокзал ғимаратына кіре алмайды, туысқандарымен сыртта қоштасуы тиіс. Вокзалдың өзіндік қауіпсіздік қызметі кіре берісте барлық адамның дене қызуын тексереді. "Вокзал ішінде, пойызға отырарда және одан түсерде жолаушылар арасында әлеуметтік арақашықтық сақталуы тиіс. Вагондар арасында жолаушылардың қозғалысы шектеледі", - деп мәлімдеді Сәдуақас Байғабылов. Пойыз жүргеннен кейін жолсеріктер жолаушыларға анкета таратады. Жылжымалы құрам вагондарында кондициялау, желдеткіш жүйелері мен желдеткіш сүзгісін ауыстыруға ревизия жүргізіледі. Вокзал мен пойыздарда жұмыс істейтін қызметкерлер әр ауысым алдында медициналық тексерістен өтеді. Егер жағдай тұрақталса, бұл шаралар кезең-кезеңмен жеңілдетіледі.

15 мамыр 2020 ж. 948 0

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 23

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 29

Рухани шамшырақ иесі

21 қазан 2025 ж. 26

Мал баққанға бітеді

21 қазан 2025 ж. 25

Ұйқыдағы үрей

21 қазан 2025 ж. 24

Алма ауызға түспейді

21 қазан 2025 ж. 24

Орманға қорған

20 қазан 2025 ж. 41

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031