Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан ішіне қатынайтын пойыздар бағыты 4 сәуірде толық тоқтайды

Қазақстан ішіне қатынайтын пойыздар бағыты 4 сәуірде толық тоқтайды

Елдегі эпидемиологиялық жағдайды есепке ала отырып, 2020 жылдың 31 наурызынан бастап Қазақстан аймақтары арасында жолаушылар қатынасы толық тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне слітеме жасап.

Барлық жолаушылар пойыздарының (соның ішінде жекеменшік тасымалдаушылар және басқа да теміржол әкімшіліктерінің) қозғалысы тоқтатылды. Қазіргі кезде пойыздар орналасқан орындарына қайтып жатыр.
Соңғы пойыз бағыты 4 сәуірде тоқтайды. «Жолаушылар тасымалы» АҚ төтенше жағдай кезінде сапарға шыға алмаған барлық жолаушылар билет сатып алуға жұмсаған ақшасын алдағы алты ай ішінде өздеріне ыңғайлы кез келген күні толық көлемде қайтарып ала алатынын айтады. Жүрмеген пойыз билетінің ақшасын сату сайттарында онлайн, «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларында немесе жекеменшік кассалардан қайтарып алуға болады.
12 наурыздан бері жолаушыларға 590 мыңға жуық билет қайтарылған. Карантин режимі аяқталған соң билет сату кассалары өз жұмысын қайта бастайды. «Осыған байланысты, барлық жолаушылардан қоғамдық орындарда теміржол билеттерін қайтаруға байланысты шу шығармай, қауіпсіздік шараларын сақтауын сұраймыз» деп мәлім етті компаниядан.




02 сәуір 2020 ж. 954 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 143

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 199

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 168

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 147

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 162

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930