Жүргізуші, тізгініңді тарта жүр!
Адамға қарағанда темір көлік қаптаған заманда күніне бірнеше оқыс оқиғаның орын алатынын көз көріп, құлақ естіп жүр. Тізгінге ерік бермей, жол қауіпсіздігі ережелерін сақтамайтындар жиі кездеседі. Солардың бірі ауыр жарақат алып жатса, енді бірі өлім құшып, артындағы отбасы қайғы жұтып қалады. Жол апаты не себепті көп орын алады? Полиция қызметкерлері өз ісіне немқұрайлы қарай ма, әлде...?
Аудан көлемінде биылғы жыл басынан бері 9 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, оның 19-ы жарақат алған. Қуантарлығы қаза болғандар жоқ. Әрине әлеуметтік желіге тарап, ғаламторды шарлаған бейнежазбалардың бәрі де ел ішінде болған көрініс. Оған қоса мұндай жағдай хақында халық арасында алып-қашпа әңгімелер өте көп. Әйтсе де қолымызға тиген ресми деректен белгілісі осы.
Жолдың жайын жүрген біледі. Қиындыққа тап болған жүргізушілер проблеманы жол сапасына әкеп тірейді. Алайда кінәні көлікті жүргізген өзінен емес, өзгеге жаба салғаны тығырықтан шығуға ұмтылыс іспетті. Аудандағы жолды керемет деп айта алмаймыз. Десе де бұл біздегі жолдардың барлығы бірдей нашар деуге де келмейді. Жасырып жабатыны жоқ орын алатын келеңсіздікте көлік тізгіндегендердің де кінәсі бар. Соның ең бастысы – ішкен күйі рөлге отыру. Бұған дейін мас күйінде көлік басқарған алты адам ұсталған.
Тақырыпты зерттеу барысында көп түйткілдің соңы осыған алып келді. Себебі көлікке отырғандардың тағы бірі ащы судың арбауынан талай адамның денсаулығына зиянын тигізіп, көрер жарығын сөндіреді. Заң жоқ емес, бар. Айта кетейік, темір тұлпарды мас күйінде тізгіндеген адам бірінші рет ұсталса 15-20 күн көлемінде қамауға алынып, жүргізуші куәлігінен айырылады. Егер екінші рет қайталанар болса, «теріс қылық» заңнамасына сәйкес іс қозғалады. Осыған дейін ауданда мұндай қателікпен екі адам тіркелген.
Жоғарыда көрсетілген статистика жалған емес. Бірі Самара – Ташкент жолында мал қағу бойынша орын алса, екіншісі қыс мезгілінде ауа райының қолайсыздығына байланысты елдімекенде болған. Қалғаны қала мен кент ішінде кездескен. Жауапты мамандардың айтуынша, кентте орын алған жол-көлік оқиғасы маршурттардың аялдамасыз орынға тоқтап, жолаушының алдынан жүгіріп шығуынан туындаған. Жүргізушілер жазатайым жағдай жүргіншілердің салғыртығынан да орын алатынын ескеру керек деп есептейді. Жолақтан өтуге ерініп, жолдың кез келген тұсынан жүре салу әдетінің барын жоққа шығара алмаспыз. Бұл жөнінде Әйтеке би кентінде тұратын Ербол Нұрсұлтан ұлы есімді жүргізуші:
– Жолды кесіп өтетіндердің көпшілігі – қызметкерлер. Жедел алдын алу шарасы кезінде тәртіп бұзғандар жұмысқа асығып бара жатқанын айтып ақталады. Жалпы бұл жағдай адамның сана-сезіміне, тәрбиесіне байланысты деп ойлаймын. Себебі әркім осы әрекеті арқылы өз өмірін қауіпке тігеді. Көп жағдайда 18-45 жас шамасындағы адамдар ережені жиі бұзады. Соның ішінде жұмыс істейтін жастар мен ересектер саны басым, – дейді.
Жол-көлік жағдайының алдын алу аса қажет орындарда қатаң ескерілуі керек. Халық көп жүретін, балалар білім алатын нысандарда жылдамдықты шектейтін жол кедергілері бары белгілі. Бұл өз кезегінде оқыс оқиғалар санын тежеп, жүргізушілер жауапкершілігін сезінтеді. Десе де тұрғындар көп шоғырланатын орындарда осындай кедергі санын арттырса артық болмасы анық.
Мамандар «жол-көлік оқиғасын болдырмауға бағдаршамның ықпалы мол» дейді. Алайда оған қарайтын жүргізушілер көп емес. Қызбалыққа салынып, жылдамдықты арттырып, одан өтіп кетуге асығатын тізгіншілер кездесіп жатады. Соның салдарынан орын алатын оқыс оқиғаларда аз емес. Орайы келгенде еске сала кетейік, қаладағы Ү.Түктібаев және кенттегі Қ.Пірімов көшесі ортасындағы бағдаршамдардың істен шыққанына біраз уақыт өтті. Мұның өзі қауіптің алдын алуға кері әсерін тигізеді. Оған қоса бейнекамералар санының аздығы мәселенің шешімін одан әрі қиындатуда. Олар көптеп орнатылса, орын алған оқиғаның мән-жайын ашу айтарлықтай қиындық тудырмас еді. Қазалы ауданы полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары, полиция майоры Еркебұлан Жүрсінбаев осы мәселеге қатысты пікірін білдірді.
– Қызылорда облысында көліктің жылдамдығын анықтайтын түрлі тексеру құрылғылары орнатылған. Соның көмегімен жол ережесін бұзатын жүргізушінің қалай шапшаңдықты асырғанын көріп, аз уақыт ішінде оның нөмірін, көліктің түр-түсін, кімнің атына меншіктелгені анықталады. Осыған сәйкес ауданда бейнекамераны арттыру жөнінде билік басындағыларға ұсыныс тастаған едік. Алдағы уақытта осы мәселе оң шешімін тауып, жол-көлік оқиғасын азайтуға септігін тигізетін құрылғылар еселенсе, апатты жағдайлар тыйылар еді, – дейді Еркебұлан Едігеұлы.

Абзал ЖОЛТЕРЕК