Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қандай жағдайда жүргізуші куәлігінен айырыласыз?

Қандай жағдайда жүргізуші куәлігінен айырыласыз?


Қазіргі кезде көлік пен адамзаттың жарыса көбейіп келе жатқан уақыты. Кейде белгілі-бір себеп- салдардан тәжірибелі жүргізушілердің өзі жол ережелерін бұзып жатады. Осыған байланысты 7kun.kz сайты сіздерге сәттілік тілей отырып, жүргізуші куәлігіңізден айрылып қалуға себеп болатын  жеті жағдайды ұсынады.
  • Егер сіз өз жолыңыздан қарама-қарсы бағытқа шығып кетсеңіз жүргізуші куәлігіңізді ешқандай ақталуға мұрша бермей (ҚР Жол қозғалысының ережелері, 3 бөлім, 596- бабы) заңды түрде тәркілей алады.
  • Егер сіз жасанды немесе жалған мемлекеттік нөмірді тағып жүрсеңіз(4 бөлім, 590-бабы) ойланбастан жүргізуші куәлігіңізбен қоштаса беріңіз.
  • Жол апатын жасауда жиі себепші болсаңыз, егер ол жыл бойы қайталана берген болса (606-бабының 2-бөлігі) сізден автоматты түрде жүргізуші куәлігін алып қояды.
  • Темір жолдан тыйым салынған кезде кесіп өту және уақытынан бұрын жүру, сондай-ақ қиылысудан тыс жолдарды кесіп өту ережелері жиі қайталанып, жыл бойы жалғасқан болса (2-бөлім, 607-бабымен) сіз көлік айдау құқығыңыздан айырыласыз.
  • Мас күйде көлікті тізгіндегенде және мас адамға көлікті жүргізуге берген болсаңыз сізден (608-бап) жүргізуші куәлігіңіз оп-оңай тәркіленеді.
  • Жазатайым жол апаты болған кезде сіздің немесе апатқа қатысты көліктегі адам және әлдебір сол маңдағы кісі өліміне себепші болсаңыз 610-бап бойынша сіздің жүргізуші куәлігіңіз тәркіленеді.
  • Егер жол апаты болған кезде, сіз кінәлі болсаңыз да, кінәлі болмасаңыз да оқиға орнынан қашып кеткен жағдайда (2-бөлім,611-бап) жүргізуші куәлігіңізді заңмен тартып алады.
  • islam.kz

05 ақпан 2018 ж. 1 692 0

Сенбідегі серпін

01 сәуір 2025 ж. 183

Сыр перзенті

01 сәуір 2025 ж. 170

Кеудесін оққа тосқан

01 сәуір 2025 ж. 162

Tik-Tok тәлім бере ме?

01 сәуір 2025 ж. 173

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930