Қазалы Қазалы аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Маска коронавирустан қаншалықты қорғай алады?

Маска коронавирустан қаншалықты қорғай алады?

Коронавирустан қалай қорғану керек? Қандай маскалар вирустан сақтай алады? Терапевт дәрігері коронавирустан қалай қорғанудың жолдарын айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

Сондай-ақ, ол қазақтың көп қолданатын қойдың құйрық майы коронавирусқа қаншалықты көмектесе алады деген сұраққа жауап берді.

«Масканы дұрыс қолдану керек. Кәдімгі бір ретті қолданыстағы маскалар таққан жөн. Ол маскаларды екі және төрт сағатқа шейін тағуға болады. Егер маска ылғалдана бастаса онда оны шешіп тастау керек. Ең бастысы ауыз және мұрын, иегіңізді жабық ұстаңыз. Сондай-ақ, гигиеналық тазалықты да жіті қадағалау керек. Масканы қолмен ұстамау керек. Ілгіші арқылы шешкен дұрыс. Өйткені өзі ылғал болып тұрған маскаға қолдан вирус жұғуы мүмкін. Масканы шешер кезде немесе шешкен соң да қолды әдемілеп жуу қажет», – дейді терапевт дәрігері, Бибісара Қалиева.

«Масканы күні бойы тағып жүруге болмайды. Өйткені ылғал болып тұрған оған вирустың өту жылдамдығы жоғары болады. Біз көбінесе 3-4 қабатты маскалар қолданамыз. Қымбат маска алғанымызбен, оны уақытында тазалап отырмасаңыз, ол вирустан қорғай алмайды. Коронавирустың ерекшелігі ол кілегей қабаттан өтеді. Ол көз кілегей қабаты арқылы да өтуі мүмкін. Сондықтан да көзіңіз жабық болмаған жағдайда тікелей контактіде болсаңыз, әрине онда маска сізді қорғай алмайды. Сондықтан масканы шешкенде қолды мұрынға, көзге, ауызға апармау керек», – дейді дәрігер.

Бибісара Қалиева қойдың құйрық майының пайдалылығы жөнінде де айта кетті. Алайда оның коронавиурсқа қауқары жетпейді екен.

«Жалпы қазақ қойдың құйрық майын қолданады ғой. Америкалықтар майдың өз қажеттілігінде холестеринді түсіре алатын жағдайы бар екенін дәлелдеп шыққан. Егер өз мөлшерінен асырмасаңыз, пайдалы. Бізде қабыну жиі болғандықтан ол қан айналымды жақсартады. Сол жерде сынып, қызарып тұрғанды басып береді. Бірақ құйрық майдың коронавирусқа әсері жоқ», – дейді дәрігер.

Дәрігер қолдан жасап алған маскалардың вирустан сақтап қалуы екіталай дейді. Өйткені неғұрлым ылғал болған сайын вирус өту ықтималдылығы жоғары екен.

«Ол маскалардың вирустан сақтап қалу мүмкіншілігі төмен. Өйткені вирус ылғалды ауаға жақын келеді. Маска қағаздан, жәй ғана матадан жасалсын бірақ егер ол ылғал тудырса, онда сізді вирустан қорғай алмайды», – дейді дәрігер.

Терапевт ханым қандай маска қолдансаңыз да, бірінші гигиеналық тазалықты сақтау керектігін ескертеді. Антисептикалық препарат жоқ болып қалса, қолды спиртпен сүрту керек екен. Дәрігер кейбір адамдардың "Қолғап кию керек пе?" деген сұрақтарына да жауап бере кетті.

«Вирус 37 градустық температурада да өмір сүре береді. 37 градустан төмен болса, ол өмір сақтау қабілеті төмендеп қалады деп айтып өтті. Қытайдан келген ақпараттар бойынша ол 2-4 сағат өмір сүреді дейді. Бірақ сіз гигиенаны сақтап отыратын болсаңыз, оған қатты шошудың қажеті жоқ. Ең бастысы сенім. Сол себептен оксалин жақпамайын жағасыз ба, әлде су ғана ішесіз бе ол сенімге байланысты. Сондай-ақ, қолғап киюдің қажет жоқ. Бұл артық шығындалу. Тек қолыңызды жақсылап жуып, антисептикалық препараттар қолданып жүрсеңіз болғаны. Егер аллергия болмаса, сабын ерітіндісімен мұрынды шайған да дұрыс», – дейді терапевт дәрігер.
stan.kz
26 наурыз 2020 ж. 62 0

Руханият

Шағбанның шарапаты

Шағбанның шарапаты

07 сәуір 2020 ж.
Базарқожа әулие

Базарқожа әулие

27 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930