Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәріханаларда маска бар-жоғын қайдан білуге болады?

Дәріханаларда маска бар-жоғын қайдан білуге болады?

Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті күн сайын облыстың дәріханалық ұйымдарында медициналық маскалардың қалдығына мониторинг жүргізеді.16.03.2020 жылғы сағат 11.30-дегі жағдай бойынша, дәріханалық ұйымдардағы медициналық маскалардың қалдығы шамамен 4 800 дананы, медициналық респираторлар қалдығы шамамен 1700 дананы, дәке таңғыштар қалдығы шамамен 200 дананы құрайды.
Сонымен қатар, 6 000 дана медициналық маска, 1000 дана медициналық респиратор, 500 дана дәке таңғыш жеткізілімі күтілуде..
Қазіргі уақытта медициналық маскалар «Чингиз», «Alexey Sultan-Akhmet», «Фармсервис» дәріхана желілерінде жеткілікті мөлшерде бар. Атап айтқанда, «Чингиз» ЖШС-нің облыс бойынша дәріхана желілерінде бар.
Ал 18.03.2020 жылғы жағдай бойынша, дәріханалық ұйымдардағы медициналық маскалардың қалдығы шамамен 1 000 дананы, медициналық респираторлар қалдығы шамамен 100 дананы құрайды. Халық тарапынан жоғары сұранысқа байланысты медициналық маска тез өткізілуде.
Сонымен қатар, ҚР ДСМ хаттамалық тапсырмасы бойынша Департамент фармацевтикалық субъектілерге бір адамға 10 дана медициналық масканы сату туралы ұсыныс жасады.
Сондай-ақ, жергілікті кәсіпкер «Dalatex» ЖШС жеке қорғану құралы ретінде пайдаланылатын 8 қабатты көп реттік дәке таңғыштарын өндіруді қолға алды. Аталған өнім қолданыстағы заңнамаға сәйкес дәріханаларда өткізілуіне болады. Осы кәсіпорын тәулігіне 10 мың бірлікке дейінгі дәке таңғыштарын өндіруге мүмкіндігі бар. «Dalatex» ЖШС облыс дәріханаларын халыққа босату үшін дәке таңғыштармен қамтамасыз етуге дайын. Сондай-ақ, бұл дәке таңғыштарды кір сабын ерітіндісімен жуғаннан кейін бірнеше рет пайдалануға болады.
Облыс дәріханаларында маскалардың бар-жоғына қатысты ақпаратты 23-82-92 нөміріне қоңырау шалып, департамент мамандарынан білуге болады.
Департамент өз құзыреті шегінде тек дәрілік заттардың бағасын мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады.
20 наурыз 2020 ж. 806 0

Мәдени мұра

18 сәуір 2024 ж. 92

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930