Той уақытын шектеу қылмыс санын қысқарта ма?
Жақында аудан әкімдігінде қоғамдық кеңес отырысы өтті. Онда 2019 жылы аудан көлемінде мейрамханалар мен кафелерде орын алған құқықбұзушылықтар мен олардың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар айтылды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы заңнамаларын басшылыққа ала отырып, тәртіп бұзушылық ахуалдың алдын алу мақсатында мейрамханалар мен кафелердің жұмыс уақытын реттеу мәселелері талқыланды. Кеңес отырысында аудандық прокуратура, полиция бөлімі, қоғамдық кеңес және жеке кәсіпкерлер арасындағы өзара келісім арқылы меморандумға қол қойылды. Нәтижесінде аудан көлеміндегі мейрамханалар түнгі сағат 00:00-ден кешіктірілмей есіктерін жабатын болады.
Көптарапты мемарандум жасалуының негізгі себебі – қайғылы оқиғалар мен қылмыстың жиі орын алуында болып отыр. Әсіресе күн жылынған тұстары мейрамханадағы тойлардың жаға жыртысу мен топтық төбелессіз өтетін сәттері сирек кездеседі. Жүздеген қонақ бас қосатын бұндай жиында аста-төк ішімдік ішілетіні белгілі. Бұған тоқтау салу қолдан келе бермейтіндіктен Қасқырбай Әлімбаев бастаған қоғамдық кеңес мүшелері, полиция мен аудан прокуроры Бақытжан Мырзабаев мейрамхана иелерін той уақытын шектеуге шақырды. Соның себебінен қонақтар жиынға ерте келіп, бірнеше сағаттан соң үйлеріне тарқасатын мәдениет қалыптастыруға болады. Бұл өз кезегінде түн тыныштығын сақтауға, орын алуы мүмкін қылмыстардың жолын кесуге орасан сеп болмақ.
Мейрамхана иелері тарапынан бұл бастама жаппай қолдау тапты. Неге десеңіз, бұған дейін тапсырыс берушілер мен қонақтар тойдың басталу уақытынан кеш келуді әдетке айналдырған. Соған сәйкес отырысты аяқтау, адамдарды үйлеріне қайтару қиындық тудыратын көрінеді. Енді олар той иелерін бірлесе жасалған меморандуммен күні бұрын таныстырып, белгіленген уақытта аяқтау керектігін қатаң ескертеміз деп отыр. Сонымен бірге нақтылық үшін аудандық кәсіпкерлік бөлімінің шақыртуымен келген мейрамхана басшыларының барлығы аталған құжатқа қол қойып берді.
Бірақ мұнымен мәселе толық шешілген жоқ. Жиынға шақырылған кафе иелері қылмыс оқиғалары көбіне сондай орында төбе көрсететініне қарамастан бұл ұсыныспен келіспейтіндерін айтқан. Осыған байланысты аудандық полиция бастығының бірінші орынбасары Еркебұлан Жүрсінбаевқа хабарласып, түн тыныштығын бұзып жүргендер мен топтық төбелес жайын сұрадық.
– Былтыр кешкілік тойханалар мен кафелерде 8 қылмыс орын алды. Әсіресе “Бақдәулет” кафесінде тәртіп бұзушылық пен қылмыс жасау жағдайлары көбірек кездесті. Сенбі, жексенбі күндері осындай қиындықтан құтылу мақсатында полицейлер жиі бақылау жасап тұрады. Аталған нысан түнгі сағат 3-4-ке дейін жұмыс істегендіктен қонақтар арасындағы кикілжің толастамайды. Полиция бөлімі қызметкерлері оқыс оқиғаның орын алмауына, профилактикалық шараларды күшейтуді жалғастыра береді. Соның арқасында биылғы жылдың осы кезеңіне дейін ойын-сауық орындарында қылмыс фактілері тіркелмеді.
Жақында сырт жақта оқып жүрген студенттер ауылға демалысқа оралады. Осындайда топтық төбелес жиілейтінін жасырмаймыз. Кикілжің әдетте осындай ойын-сауық орындарынан бастау алады. Кейін ерегеске түскендер қолдаушыларын шақырып, арты қайғылы оқиғаға ұласуы мүмкін. Сондықтан аудандағы кафе иелері ахуалға түсіністікпен қарап, көңіл көтеру нысандарын ертерек жабуға келіссе, қоғамға көмек қолын созғаны болар еді, – деді ол.
Расымен де бұндай жерде бейберекетсіздік жиі болып тұрады. Біраз уақыт бұрын кафелердің бірінде суық қару қолданылғаны туралы хабар желдей ескен еді. Бұдан бөлек ондай жерге кәмелет жасқа толмағандардың еркін кіріп-шығатыны, топтық төбелес кезінде полицейлермен салғыласатындар да әшкере болған. Полиция майоры қарбалас сәтте қашып құтылғысы келгендер қарсылық танытатыны, тәртіп бұзғандарға тиісті шара көрілгенін айтты. Сондай-ақ ол ойын-сауық нысандары жанына, басты көшелерге, полицейлердің жетон жапсырылған тұсына бейнебақылау құрылғыларын орнату туралы аудан әкімдігіне, облыстық полиция департаментіне ұсыныс берілгенін жеткізді. Сондай орындарда ішімдікке сылқия тойып, көпшіліктің ығырын шығаратындар үшін жақында бір күндік сауықтыру орталығы ашылады. Себебі мейрамхана иелері қонақтардың мазасын алған мас адамдарға көп шағымданады екен. Тәртіп сақшылары оны алып кетіп, тиісті шаралар қолданғаннан кейін еркіне жібереді. Мастығы тарқамаған азамат өзін алып кеткен жерге қайта барып шу шығаратын жайттар көп қайталанған. Бір күндік сауықтыру бөлмесі осы үшін қолданысқа енгізілмек. Бұндай орын мастықпен отбасының шырқын қашырғандарды да қабылдай беретінін айта кеткен жөн.
Меморандумға қол қоймай, қарсылық білдірген кафе иелерімен де хабарласып көрдік. Олардың бұндай шешімге келуінің салмақты себебі барға ұқсайды. Бірі нысанды жалға алып отырғандықтан оның өтеуін, жұмысшылардың айлығын тауып бере алмай қалудан қорықса, екіншісі кешкілік сағат он, он бірде келген клиенттер бір сағат отырысқа қанағаттанбайтынын айтады. Көбіне демалыс орындарына қазалылықтар аталған мезгілде жиналатындықтан кафе иелері оларды шығарып жібере алмайды. Көңіл көтеретін орында ең болмағанда ішімдік сату уақытын шектеу туралы сөз қозғалғанда пайда мәселесі қайта ойға оралады. Нысан басшылары алдымен тұрғындардың осындай орындарда демалу мәдениетін қалыптастыру керек дегенді алға тартады. Олар да бұрынырақ келген қонақтың ерте қайтатынын жоққа шығармайды.
Құзырлылар кафе басшыларымен қалай да келісімге келгісі келеді. Өйткені сондай ауызбіршілікпен атқарылатын істің артында тату-тәтті отбасы, жүзеге аспаған қылмыс пен еңсерілген қайғылы оқиғалар жатқан көрінеді. Бірақ тәртіпсіздік пен ұрыс-керістің алдын алмаған ойын-сауық орындарының жағдайы келеңсіздік бола қалған уақытта тіптен қиындайтыны айтпаса да түсінікті.

Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ